Вторник, 29 Сентября 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №12 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №12 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Алатау қаласы Жаңадәуір шағын ауданындағы 12 орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Президент бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатынын және қайта сайлану құқығына ие болмайтынын, өкілеттік кезеңінде саяси партия мүшесі бола алмайтынын атап өтті. Сонымен қатар жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметтерді атқара алмауы биліктің шоғырлануына жол бермейтін құқықтық тосқауыл екені түсіндірілді.

«Жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – билікті жеке тұлғаға бейімдеу емес, оны институционалдық тұрғыдан шектеу. Бір реттік жеті жылдық мерзім өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Бұл – биліктің “нөлденуіне” емес, тұрақтылық пен әділеттілікке бағытталған нақты құқықтық шешім. Сонымен қатар, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау тетігі енгізіліп отыр. Бұл – тепе-теңдік пен жауапкершілік моделінің негізі», – деді коалиция мүшесі Айдын Иманбеков.

Ұжым өкілдері референдумның ел дамуы үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті.

Другие новости

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

29 сентября в Астане начала работу конференция C5+...

  29.09.2026   119
В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

Астана, 28 сентября 2026 года — В столице состояло...

  29.09.2026   115
Удивили и разнообразием, и качеством

Удивили и разнообразием, и качеством

Аграрии Алматинской области представили на ярмарке...

  28.09.2026   168
Высокий темп  строительства жилья

Высокий темп строительства жилья

В Алматинской области на обеспечение жильем семей,...

  28.09.2026   172
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.