Понедельник, 02 Марта 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №3 «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №3 «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Ащыбұлақ ауылдық округі Түймебаев ауылындағы №3 Жайлы мектептің педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі айқын бекітілетінін атап өтті. Азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатыны, әлеуметтік міндеттемелердің конституциялық деңгейде нақтыланатыны түсіндірілді.

«Жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді қысқартуға емес, оларды нақты әрі құқықтық тұрғыдан айқындауға бағытталған. Әлеуметтік мемлекет қағидаты – декларация емес, бюджет пен заңнамалық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін нақты норма. Бұл – азаматтардың денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы құқықтарының сақталуының құқықтық кепілі», – деді коалиция мүшесі Айдар Абдрахманов.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасының мазмұнына қатысты пікір білдіріп, референдумға қатысуға ниетті екендерін жеткізді.

Другие новости

Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз?

Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз?

Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өз...

  02.03.2026   15
Как Вы можете проголосовать, если в день голосования 15 марта 2026 года будете находиться не по месту своей регистрации?

Как Вы можете проголосовать, если в день голосования 15 марта 2026 года будете находиться не по месту своей регистрации?

Как Вы можете проголосовать, если в день голосован...

  02.03.2026   16
Есептен шығару куәлік туралы

Есептен шығару куәлік туралы

Қазақстандағы референдумда дауыс беру кезінде азам...

  02.03.2026   33
Об открепительным удостоверении

Об открепительным удостоверении

При голосовании на Референдуме в Казахстане можно...

  02.03.2026   38
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.