Понедельник, 02 Марта 2026

Есептен шығару куәлік туралы

Есептен шығару куәлік туралы

Қазақстандағы референдумда дауыс беру кезінде азаматтар тіркеу орны бойынша емес, өзіне ыңғайлы кез келген сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндік беретін ресми құжат – есептен шығару куәлігін пайдалана алады. 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумға байланысты есептен шығару куәліктерін алу тәртібі төмендегідей: берілетін мерзімі: 2026 жылғы 27 ақпаннан бастап 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін (қоса алғанда).
Қайдан алуға болады: тұрақты тіркеу орны бойынша учаскелік сайлау комиссиясынан (УСК). Қажетті құжаттар: жеке өзі келіп, жеке куәлігін көрсетуі қажет (eGov Mobile қосымшасындағы электрондық нұсқасын пайдалануға болады) және жазбаша өтініш беру керек. Өкіл арқылы алу: сенімхат негізінде алуға болады. Мұндай сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді. Маңызды шектеулер мен ережелер: бір қала шегінде: бір елді мекеннің ішінде басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейді. Құжат жоғалған жағдайда: куәлік қайта қалпына келтірілмейді, телнұсқа берілмейді. Қалай дауыс береді: дауыс беру күні таңдалған учаскеге есептен шығару куәлігін және жеке куәліктің түпнұсқасын (немесе электрондық нұсқасын) көрсету қажет. Азамат сол жерде тізімге енгізіледі. Жарамдылық мерзімі: құжат бір рет қана пайдаланылады және дауыс бергеннен кейін комиссия тарапынан алынады.
Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беру басталардан бір күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де тоқтатылады.

Другие новости

Голосую  за судьбу страны!

Голосую за судьбу страны!

В этом году я буду впервые участвовать в референду...

  02.03.2026   45
Голосую за судьбу страны!

Голосую за судьбу страны!

Всего через десять с небольшим дней в нашем сувере...

  02.03.2026   32
Поэт живет сквозь времена и судьбы

Поэт живет сквозь времена и судьбы

В этом году наша страна отмечает 180-летний юбилей...

  02.03.2026   40
Ответственный выбор молодежи

Ответственный выбор молодежи

В Енбекшиказахском районе прошел областной молодеж...

  02.03.2026   53
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.