Понедельник, 02 Марта 2026

Коалиция мүшелері Ш.Уалиханов мектебінің ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері Ш.Уалиханов мектебінің ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Президент бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатынын және қайта сайлану құқығына ие болмайтынын, өкілеттік кезеңінде саяси партия мүшесі бола алмайтынын атап өтті. Сонымен қатар жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметтерді атқара алмауы биліктің шоғырлануына жол бермейтін құқықтық тосқауыл екені түсіндірілді.

«Жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – билікті жеке тұлғаға бейімдеу емес, оны институционалдық тұрғыдан шектеу. Бір реттік жеті жылдық мерзім өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Бұл – биліктің “нөлденуіне” емес, тұрақтылық пен әділеттілікке бағытталған нақты құқықтық шешім. Сонымен қатар, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау тетігі енгізіліп отыр. Бұл – тепе-теңдік пен жауапкершілік моделінің негізі», – деді коалиция мүшесі Узақов Бектұрсын

Ұжым өкілдері референдумның ел дамуы үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті.

Другие новости

Голосую  за судьбу страны!

Голосую за судьбу страны!

В этом году я буду впервые участвовать в референду...

  02.03.2026   71
Голосую за судьбу страны!

Голосую за судьбу страны!

Всего через десять с небольшим дней в нашем сувере...

  02.03.2026   39
Поэт живет сквозь времена и судьбы

Поэт живет сквозь времена и судьбы

В этом году наша страна отмечает 180-летний юбилей...

  02.03.2026   68
Ответственный выбор молодежи

Ответственный выбор молодежи

В Енбекшиказахском районе прошел областной молодеж...

  02.03.2026   71
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.