Понедельник, 02 Марта 2026

Коалиция мүшелері Алатау Жарық Компаниясы қызметкерлерімен кездесті

Коалиция мүшелері Алатау Жарық Компаниясы қызметкерлерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері Есік қаласындағы Алатау Жарық Компаниясы еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасы жайында пікір алмасты.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адам құқықтарын қорғауға, әлеуметтік саланы дамытуға және елдің саяси жүйесін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Олар білім мен медицинаның тегін болатынын, еңбек құқықтарының конституциялық деңгейде қорғалатынын, цифрлық деректердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілетінін жеткізді.

«Жаңа Конституция – еліміздің жаңа дәуірге қадам басқанының дәлелі. Мұнда әрбір азаматтың мүддесі ескерілген. Ендігі кезек – референдумда барымызды салып, осы құжатты қолдау», – деді коалиция мүшесі Абитов Ерик.

Ұжым қызметкерлері көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, түсінікті әрі нақты жауаптар алды. Кездесу соңында олар референдумға белсене қатысып, ел тағдырына бейжай қарамайтындарын білдірді

Другие новости

Голосую  за судьбу страны!

Голосую за судьбу страны!

В этом году я буду впервые участвовать в референду...

  02.03.2026   71
Голосую за судьбу страны!

Голосую за судьбу страны!

Всего через десять с небольшим дней в нашем сувере...

  02.03.2026   39
Поэт живет сквозь времена и судьбы

Поэт живет сквозь времена и судьбы

В этом году наша страна отмечает 180-летний юбилей...

  02.03.2026   68
Ответственный выбор молодежи

Ответственный выбор молодежи

В Енбекшиказахском районе прошел областной молодеж...

  02.03.2026   71
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.