Вторник, 03 Марта 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ Ю.ГАГАРИН АТЫНДАҒЫ №16 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ Ю.ГАГАРИН АТЫНДАҒЫ №16 ОРТА МЕКТЕП  ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Ақсай ауылдық округіндегі  Ю.Гагарин атындағы №16 орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі айқын бекітілетінін атап өтті. Азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатыны, әлеуметтік міндеттемелердің конституциялық деңгейде нақтыланатыны түсіндірілді.

«Жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді қысқартуға емес, оларды нақты әрі құқықтық тұрғыдан айқындауға бағытталған. Әлеуметтік мемлекет қағидаты – декларация емес, бюджет пен заңнамалық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін нақты норма. Бұл – азаматтардың денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы құқықтарының сақталуының құқықтық кепілі», – деді коалиция мүшесі Айдар Абдрахманов.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасының мазмұнына қатысты пікір білдіріп, референдумға қатысуға ниетті екендерін жеткізді.

Другие новости

Коалиция өкілдері ТОО «Антиген» ұжымымен жүздесті

Коалиция өкілдері ТОО «Антиген» ұжымымен жүздесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  03.03.2026   40
Коалиция өкілдері Орталық аудандық аурухананың медицина қызметкерлерімен жүздесті

Коалиция өкілдері Орталық аудандық аурухананың медицина қызметкерлерімен жүздесті

Қаскелең қаласындағы Орталық аудандық аурухана ұжы...

  03.03.2026   44
Коалиция мүшелері ТОО «АлматыГазСервис Холдинг»  қызметкерлерімен кездесті

Коалиция мүшелері ТОО «АлматыГазСервис Холдинг» қызметкерлерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  03.03.2026   47
Коалиция мүшелері Каракастек тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Каракастек тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  03.03.2026   59
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.