Вторник, 04 Августа 2026

Коалиция мүшелері ТОО «АлматыГазСервис Холдинг» қызметкерлерімен кездесті

Коалиция мүшелері ТОО «АлматыГазСервис Холдинг»  қызметкерлерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері Қаскелең қаласындағы ТОО «АлматыГазСервис Холдинг» еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасы жайында пікір алмасты.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адам құқықтарын қорғауға, әлеуметтік саланы дамытуға және елдің саяси жүйесін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Олар білім мен медицинаның тегін болатынын, еңбек құқықтарының конституциялық деңгейде қорғалатынын, цифрлық деректердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілетінін жеткізді.

«Жаңа Конституция – еліміздің жаңа дәуірге қадам басқанының дәлелі. Мұнда әрбір азаматтың мүддесі ескерілген. Ендігі кезек – референдумда барымызды салып, осы құжатты қолдау», – деді коалиция мүшесі Карбозова Бигайша.

Ұжым қызметкерлері көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, түсінікті әрі нақты жауаптар алды. Кездесу соңында олар референдумға белсене қатысып, ел тағдырына бейжай қарамайтындарын білдірді.

Другие новости

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар елімізді...

  04.08.2026   44
Социальная поддержка, экология и предпринимательство: главные темы агитационной кампании

Социальная поддержка, экология и предпринимательство: главные темы агитационной кампании

В рамках предвыборной кампании политические партии...

  04.08.2026   50
Особый режим для роста

Особый режим для роста

Новая Конституция предусматривает возможность уста...

  04.08.2026   97
Казахстанец не может быть изгнан

Казахстанец не может быть изгнан

Новая Конституция закрепляет, что гражданство Каза...

  04.08.2026   92
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.