Коалиция өкілдері Орталық аудандық аурухананың медицина қызметкерлерімен жүздесті
Қаскелең қаласындағы Орталық аудандық аурухана ұжымымен өткен кездесуде жаңа Конституция жобасының құқықтық жаңашылдықтары талқыланды.
Коалиция мүшелері 21-бапта азаматтардың жеке өмірге қол сұғылмау құқығы, жеке және отбасы құпиясы, сондай-ақ цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан және пайдаланудан қорғау кепілдігі бекітілетінін атап өтті.
«Цифрлық дәуірде азаматтардың дербес деректерін қорғау – аса маңызды мәселе. Жаңа Конституция бұл норманы Негізгі заң деңгейінде бекітіп отыр. Бұл медициналық ақпараттың, пациент құпиясының және жеке мәліметтердің қорғалуын күшейтеді», – деді коалиция мүшесі Айтбаев Ақылжан Касенаевич.
Кездесу барысында медицина қызметкерлері цифрлық қауіпсіздік пен құқықтық кепілдіктер жөнінде пікір алмасты.





