Среда, 11 Марта 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №7 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №7 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Өтеген батыр ауылындағы №7 орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Президент бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатынын және қайта сайлану құқығына ие болмайтынын, өкілеттік кезеңінде саяси партия мүшесі бола алмайтынын атап өтті. Сонымен қатар жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметтерді атқара алмауы биліктің шоғырлануына жол бермейтін құқықтық тосқауыл екені түсіндірілді.

«Жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – билікті жеке тұлғаға бейімдеу емес, оны институционалдық тұрғыдан шектеу. Бір реттік жеті жылдық мерзім өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Бұл – биліктің “нөлденуіне” емес, тұрақтылық пен әділеттілікке бағытталған нақты құқықтық шешім. Сонымен қатар, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау тетігі енгізіліп отыр. Бұл – тепе-теңдік пен жауапкершілік моделінің негізі», – деді коалиция мүшесі Нұрлан Түймелиев.

Ұжым өкілдері референдумның ел дамуы үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті.

Другие новости

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №38 ГИМНАЗИЯ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №38 ГИМНАЗИЯ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  11.03.2026   103
Коалиция мүшелері «КЗТА – Қазақстан құбыр арматурасы зауыты» қызметкерлерімен кездесті

Коалиция мүшелері «КЗТА – Қазақстан құбыр арматурасы зауыты» қызметкерлерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  11.03.2026   94
Коалиция өкілдері Мансап орталығының ұжымымен кездесті

Коалиция өкілдері Мансап орталығының ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  11.03.2026   82
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №7 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №7 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  11.03.2026   91
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.