Среда, 11 Марта 2026

Коалиция өкілдері Мансап орталығының ұжымымен кездесті

Коалиция өкілдері Мансап орталығының ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Шамалған ауылындағы Мансап орталығының еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады.
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның негізгі ерекшеліктері – адамды ең жоғары құндылық ретінде бекіту, әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, еңбек құқықтарын қорғау, цифрлық қауіпсіздік, дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ билік тармақтарының теңгерімі, бір палаталы Парламент құру, Вице-Президент институтын енгізу сияқты саяси жаңашылдықтар туралы айтып берді.
«Жаңа Конституция – еліміздің тұрақты дамуының берік негізі. Бұл – тек заңдар жинағы емес, біздің ортақ болашағымыздың айнасы», – деді коалиция мүшесі Карбозова Бигайша.
Жиналғандар өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Кездесу соңында ұжым атынан коалиция өкілдеріне алғыс білдіріліп, референдумға белсене қатысуға дайын екендіктері жеткізілді.
Коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

Другие новости

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №38 ГИМНАЗИЯ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №38 ГИМНАЗИЯ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  11.03.2026   103
Коалиция мүшелері «КЗТА – Қазақстан құбыр арматурасы зауыты» қызметкерлерімен кездесті

Коалиция мүшелері «КЗТА – Қазақстан құбыр арматурасы зауыты» қызметкерлерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  11.03.2026   94
Коалиция өкілдері Мансап орталығының ұжымымен кездесті

Коалиция өкілдері Мансап орталығының ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  11.03.2026   82
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №7 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №7 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  11.03.2026   90
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.