Республикалық референдум мәселелері бойынша кездесу
«Салютон» өндірістік компаниясының ұжымымен, «Ауыл» партиясы Алматы қаласы бойынша өңірлік филиал төрағасы Ахметбек Қоңырбаев және коалиция мүшелерінің республикалық референдум мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Кездесуде референдумның маңыздылығы, оның елдің саяси дамуына қосатын үлесі және қоғам үшін өзекті тұстары кеңінен түсіндірілді. Ұжым қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, мазмұнды пікір алмасу ұйымдастырылды.
Жиын соңында қатысушылар алдағы референдумға белсенді қатысу маңызды екенін атап өтті.
«Ауыл» партиясы Алматы қаласы филиалының баспасөз қызметі.





