Четверг, 12 Марта 2026

Коалиция мүшелері Қызыл - Қайрат ауылының амбулаториясының ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері Қызыл - Қайрат ауылының амбулаториясының  ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Талғар ауданындағы Қызыл-Қайрат ауылының амбулаториясының медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуде 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылды. Коалиция мүшелері Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені жаңа редакцияда нақты бекітілетінін және азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатынын атап өтті.
Сонымен қатар жобаға сәйкес Президент бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатыны және бұл норма өзгертілмейтін қағида ретінде бекітілетіні айтылды.
«Жаңа Конституция – әлеуметтік міндеттемелерді нақтылайтын, билікті институционалдық тұрғыдан шектейтін құжат. Денсаулық сақтау саласының кепілдіктері сақталады, ал Конституциялық Сот заңдардың Негізгі заңға сәйкестігін бақылап отырады. Бұл – құқық үстемдігін қамтамасыз ететін жүйелі реформа», – деді коалиция мүшесі Жақсылықұлы Баөтияр.
Медицина қызметкерлері кездесуге белсенді қатысып, сұрақтарына жауап алды.

Другие новости

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – қоғам сенімінің негізі

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – қоғам сенімінің негізі

«Адам әдебімен көрікті» дейді қазақ халқы. Халқымы...

  12.03.2026   33
КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «ЭНЕРГОСБЫТ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «ЭНЕРГОСБЫТ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  12.03.2026   65
«Маслихаты должны активно участвовать в подготовке кадров для высшего законодательного органа»

«Маслихаты должны активно участвовать в подготовке кадров для высшего законодательного органа»

Касым-Жомарт Токаев:«Маслихаты должны активно учас...

  12.03.2026   91
«Еще один вопрос – создание полностью цифрового государства»

«Еще один вопрос – создание полностью цифрового государства»

Глава государства: «Еще один вопрос – создани...

  12.03.2026   97
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.