Четверг, 12 Марта 2026

Коалиция мүшелері №46 орта мектеп ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері №46 орта мектеп  ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Талғар ауданындағы №46 орта мектеп педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады.
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі айқын бекітілетінін атап өтті. Азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатыны, әлеуметтік міндеттемелердің конституциялық деңгейде нақтыланатыны түсіндірілді.
«Жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді қысқартуға емес, оларды нақты әрі құқықтық тұрғыдан айқындауға бағытталған. Әлеуметтік мемлекет қағидаты – декларация емес, бюджет пен заңнамалық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін нақты норма. Бұл – азаматтардың денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы құқықтарының сақталуының құқықтық кепілі», – деді коалиция мүшесі Сулейменов Айдын.
Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасының мазмұнына қатысты пікір білдіріп, референдумға қатысуға ниетті екендерін жеткізді.

Другие новости

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – қоғам сенімінің негізі

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – қоғам сенімінің негізі

«Адам әдебімен көрікті» дейді қазақ халқы. Халқымы...

  12.03.2026   33
КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «ЭНЕРГОСБЫТ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «ЭНЕРГОСБЫТ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  12.03.2026   65
«Маслихаты должны активно участвовать в подготовке кадров для высшего законодательного органа»

«Маслихаты должны активно участвовать в подготовке кадров для высшего законодательного органа»

Касым-Жомарт Токаев:«Маслихаты должны активно учас...

  12.03.2026   91
«Еще один вопрос – создание полностью цифрового государства»

«Еще один вопрос – создание полностью цифрового государства»

Глава государства: «Еще один вопрос – создани...

  12.03.2026   98
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.