Пятница, 13 Марта 2026

Коалиция мүшелері Жандосов мектебінің ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері Жандосов мектебінің ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Еңбекшіқазақ ауданындағы Сөгеті  ауылындағы О.Жандосов орта мектебінің педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі айқын бекітілетінін атап өтті. Азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатыны, әлеуметтік міндеттемелердің конституциялық деңгейде нақтыланатыны түсіндірілді.

«Жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді қысқартуға емес, оларды нақты әрі құқықтық тұрғыдан айқындауға бағытталған. Әлеуметтік мемлекет қағидаты – декларация емес, бюджет пен заңнамалық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін нақты норма. Бұл – азаматтардың денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы құқықтарының сақталуының құқықтық кепілі», – деді коалиция мүшесі Беков Ринат.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасының мазмұнына қатысты пікір білдіріп, референдумға қатысуға ниетті екендерін жеткізді.

Другие новости

Коалиция мүшелері Жаңақұрылыс тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Жаңақұрылыс тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  13.03.2026   72
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «RONAI» КҮРД ЭТНО – МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН  КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «RONAI» КҮРД ЭТНО – МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  13.03.2026   83
Коалиция өкілдері KEGOC ұжымымен кездесті

Коалиция өкілдері KEGOC ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  13.03.2026   64
Коалиция мүшелері ЗОО-КҮРТІ қызметкерлерімен кездесті

Коалиция мүшелері ЗОО-КҮРТІ қызметкерлерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  13.03.2026   71
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.