Четверг, 08 Октября 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №39 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №39 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯ  ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Боралдай кенті №39 мектеп гиназияның педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның ең басты ерекшелігі – адамды, оның өмірі мен құқықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекіту екенін атап өтті. Бұл қағидат Преамбулада және 1-бапта нақты көрсетілген.

«Білім саласының қызметкерлері үшін жаңа Конституцияда маңызды кепілдіктер қарастырылған. 33-бапта мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей орта білім алуға кепілдік беріледі. Бастауыш және негізгі орта білім міндетті. Бұл – әрбір қазақстандық баланың мектеп табалдырығын аттауына мемлекет кепілдік береді деген сөз», – деді коалиция мүшесі Гулзира Ижанова.

Мұғалімдер өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу соңында ұжым өкілдері референдумға белсене қатысып, ел болашағына өз үлестерін қосатындарын жеткізді.

Другие новости

В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Илийском районе Алматинской области запущено пре...

  08.10.2026   46
Большая реконструкция ирригации

Большая реконструкция ирригации

Более 125 километров Большого Алматинского канала...

  08.10.2026   82
Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   116
Конституция о защите Родины

Конституция о защите Родины

Конституция называет защиту Республики Казахстан с...

  08.10.2026   109
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.