Пятница, 13 Марта 2026

ОРК: референдумды дайындау және өткізу мәселелері бойынша сотқа талап арыздар түспеген

ОРК: референдумды дайындау және өткізу мәселелері бойынша сотқа талап арыздар түспеген

Республикалық референдумды дайындау және өткізу кезеңінде Орталық референдум комиссиясына түскен азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысы туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова комиссияның отырысында ақпарат берді.
«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға сәйкес, референдум комиссиялары заңнама бұзу ықтималдығы туралы өтініштер мен шағымдарды қарауға өкілетті. Орталық комиссия бұл қызметті референдум және сайлау туралы конституциялық заңдардың нормаларына, сондай-ақ Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс талаптарына сүйене отырып белгіленген құқықтық тәртіпте жүзеге асырады», - деді Әсел Жанәбілова.
Орталық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова атап өткендей, Республикалық референдумды өткізу туралы жарлық қабылданғаннан бері Орталық комиссияға 228 өтініш түскен, оның ішінде 200-і жеке тұлғалардан, ал 28-і заңды тұлғалардан келіп түскен.
ОРК мүшесінің айтуынша, өтініштердің ең көп бөлігі референдум туралы заңнаманы түсіндіруге қатысты.
«Өтініштердің жартысынан көбіне жуығы, яғни 52%-ы референдум заңнамасын түсіндіруге, 20%-ы референдумның мәні мен тақырыбына, тағы 5%-ы қоғамдық пікірге сауал салудың өткізілуіне байланысты. Әр өтініш бойынша уақытылы қарау қамтамасыз етіліп, қолданыстағы заңнаманың нормаларына сілтеме жасау жолымен толық жауап берілуде», - деді ол.
Соңында Орталық референдум комиссиясының мүшесі бүгінгі күнге дейін Орталық комиссия мен аумақтық комиссиялардың жауаптарына шағым түспегенін, сондай-ақ республикалық референдумды дайындау және өткізу мәселелері бойынша сотқа талап-арыздар да берілмегенін атап өтті.
 

Другие новости

Коалиция мүшелері Жаңақұрылыс тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Жаңақұрылыс тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  13.03.2026   75
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «RONAI» КҮРД ЭТНО – МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН  КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «RONAI» КҮРД ЭТНО – МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  13.03.2026   86
Коалиция өкілдері KEGOC ұжымымен кездесті

Коалиция өкілдері KEGOC ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  13.03.2026   67
Коалиция мүшелері ЗОО-КҮРТІ қызметкерлерімен кездесті

Коалиция мүшелері ЗОО-КҮРТІ қызметкерлерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  13.03.2026   74
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.