Пятница, 13 Марта 2026

Коалиция мүшелері ЗОО-КҮРТІ қызметкерлерімен кездесті

Коалиция мүшелері ЗОО-КҮРТІ қызметкерлерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері Қазбек бек ауылындағы ЗОО-КҮРТІ еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасы жайында пікір алмасты.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адам құқықтарын қорғауға, әлеуметтік саланы дамытуға және елдің саяси жүйесін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Олар білім мен медицинаның тегін болатынын, еңбек құқықтарының конституциялық деңгейде қорғалатынын, цифрлық деректердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілетінін жеткізді.

«Жаңа Конституция – еліміздің жаңа дәуірге қадам басқанының дәлелі. Мұнда әрбір азаматтың мүддесі ескерілген. Ендігі кезек – референдумда барымызды салып, осы құжатты қолдау», – деді коалиция мүшесі Аяужан Садуакасова.

Ұжым қызметкерлері көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, түсінікті әрі нақты жауаптар алды. Кездесу соңында олар референдумға белсене қатысып, ел тағдырына бейжай қарамайтындарын білдірді.

Другие новости

Коалиция мүшелері Жаңақұрылыс тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Жаңақұрылыс тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  13.03.2026   77
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «RONAI» КҮРД ЭТНО – МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН  КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «RONAI» КҮРД ЭТНО – МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  13.03.2026   93
Коалиция өкілдері KEGOC ұжымымен кездесті

Коалиция өкілдері KEGOC ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  13.03.2026   73
Коалиция мүшелері ЗОО-КҮРТІ қызметкерлерімен кездесті

Коалиция мүшелері ЗОО-КҮРТІ қызметкерлерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  13.03.2026   77
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.