Пятница, 13 Марта 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «RONAI» КҮРД ЭТНО – МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «RONAI» КҮРД ЭТНО – МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН  КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Өтеген батыр ауылында «RONAI» күрд этно – мәдени орталығының еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады.

Кездесуде коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адам құқықтарын қорғауға, әлеуметтік кепілдіктерді сақтауға және еңбек адамдарының мүддесін қорғауға бағытталғанын атап өтті.

«Жаңа Конституцияда әрбір азаматтың лайықты еңбек жағдайына, әділ жалақыға және әлеуметтік қорғауға құқығы бекітілген. Бұл – еңбек адамдары үшін зор кепілдік», – деді коалиция мүшесі Тлеукен Отыншықызы.

Этно – мәдени орталық ұжымы  өз сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Кездесу соңында ұжым өкілдері референдумға белсене қатысатындарын жеткізді.
«Жаңа Конституция жобасы билікті күшейтуге емес, оны шектеуге бағытталған. Президент бір рет қана жеті жылға сайланады және бұл норма өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Өкілеттік кезеңінде партия мүшесі бола алмайды, ал жақын туыстары саяси мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Бұл – биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермейтін нақты құқықтық тосқауылдар. Сонымен қатар заң шығару билігі толықтай сайланған Құрылтайға беріледі. Бұл – халық еркінің тікелей көрінісі», – Гамзе Гейдаров.

Мәдени орталықтың мүшелері референдумның ел болашағы үшін маңызын атап өтті.

Другие новости

Коалиция мүшелері Жаңақұрылыс тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Жаңақұрылыс тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  13.03.2026   79
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «RONAI» КҮРД ЭТНО – МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН  КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «RONAI» КҮРД ЭТНО – МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  13.03.2026   96
Коалиция өкілдері KEGOC ұжымымен кездесті

Коалиция өкілдері KEGOC ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  13.03.2026   76
Коалиция мүшелері ЗОО-КҮРТІ қызметкерлерімен кездесті

Коалиция мүшелері ЗОО-КҮРТІ қызметкерлерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  13.03.2026   81
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.