Өмірқұл Айниязов Қарасай ауданында өз таңдауын жасады
Өмірқұл Айниязов халқымыздың дәстүрлі ән өнерін эстрада бағытымен шебер үйлестіріп жүрген белгілі әнші. Сонымен бірге қоғамдық-саяси өмірде де белсенді, ешқашан сайлаудан, басқа да саяси науқандардан шет қалған емес. Бүгін де ол Қарасай ауданындағы референдум учачкесіне келіп, дауыс берді.
– Өнер адамдары қоғамдық өмірде де белсенді болуы керек деп ойлаймын. Өйткені, көп адамдар, әсіресе жастар сондай жандарға еліктейді, соларға қарап бой түзейді. Сондықтан, конституциялық құқымызды пайдаланып, еліміздің ертеңі үшін дауыс беріп жатсақ, бұл да жастарға, айналамыздағы басқа да қоғам мүшелеріне үлгі болатыны сөзсіз. Негізі дауыс беру – әр азаматтың міндеті. Осыны өскелең ұрпақтың санасына бала күнінен сіңірген жөн. Сонда халық мынадай маңызды саяси науқандарға саналы түрде және мейлінше толық қатысатын болады, – деді ол.
Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ
Талғар ауданы





