Среда, 18 Марта 2026

Алматы облысында саяжай алқаптарын қала мен ауыл елді мекендерінің құрамына енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда

Алматы облысында саяжай алқаптарын қала мен ауыл елді мекендерінің құрамына енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда

Өңірде барлығы 677 саяжай қауымдастығы бар, олардың 367-сі 2023 жылдан бері елді мекендер құрамына енгізілді.

Саяжай алқаптарының ең көбі Қарасай ауданында – 203, Іле ауданында – 118, Талғар ауданында – 151, Еңбекшіқазақ ауданында – 135, сондай-ақ Жамбыл ауданында – 21. Қонаев және Алатау қалаларында тиісінше 9 және 40 саяжай алқабы орналасқан.

2025 жылы төрт елді мекеннің құрамына 23 бау-бақша қауымдастығын енгізу үшін қала құрылысы құжаттамасын дайындау аяқталды. Қазіргі уақытта шекараларды өзгерту жұмысы жүргізілуде. Осыдан кейін саяжай тұрғындары ресми түрде ауыл тұрғыны мәртебесіне ие болады. Мәселен, Қарасай ауданында Көлащы ауылына «Аймөлдір» бау-бақша қауымдастығын және атауы жоқ тағы бір алқапты қосу жоспарланған.

Тұрар ауылына бір саяжай алқабы, ал Бекболат ауылына «Саян» бау-бақша қауымдастығы енгізіледі. Еңбекшіқазақ ауданында Азат ауылының құрамына «Энтузиаст», «Алмагүл 2», «Арман 2», «Звездочка», «Виктория», «Достық» және басқа да бірқатар бау-бақша серіктестіктері қосылады. Биыл тағы үш елді мекен бойынша құжаттар әзірленіп, олардың құрамына 47 саяжай серіктестігін енгізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Еңбекшіқазақ ауданында Бөлек ауылына «Кировец-37», «Дружба», «Таугүл», «Жетісу», «Есік», «Ромашка» және басқа да ондаған алқапты қосу көзделген.

Қарасай ауданында Ұлан және Кемертоған ауылдары құрамына «Каштан», «Жайық», «Шығыс Агро», «Нұр Плаза», «Нават» және «Алаш Орда» алқаптары енгізіледі.

Жердің нысаналы мақсатын өзгерту мәселесі саяжай тұрғындары үшін өзекті болып қала береді. Бұл мүмкіндік елді мекендердің бас жоспары мен қала құрылысы құжаттамасына сәйкестігіне байланысты қарастырылады. Яғни нысаналы мақсатты өзгерту тек бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес келген жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Другие новости

В Алматинской области продолжается масштабное включение дачных массивов в состав населённых пунктов

В Алматинской области продолжается масштабное включение дачных массивов в состав населённых пунктов

В Алматинской области реализуется поэтапная програ...

  18.03.2026   81
Алматы облысында саяжай алқаптарын қала мен ауыл елді мекендерінің құрамына енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда

Алматы облысында саяжай алқаптарын қала мен ауыл елді мекендерінің құрамына енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда

Өңірде барлығы 677 саяжай қауымдастығы бар, оларды...

  18.03.2026   76
Время реальных перемен

Время реальных перемен

Референдум по новой Конституции, прошедший 15 март...

  18.03.2026   86
Политическая «точка невозврата»

Политическая «точка невозврата»

Многие эксперты называют прошедший Республиканский...

  18.03.2026   119
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.