Воскресенье, 28 Июня 2026

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының  5573 әскери бөлімінде «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Сарбазға прокурорлық кеңес» республикалық профилактикалық акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шарадаҚазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов мерзімді қызмет әскери қызметшілерімен кездесу өткізді. Сарбаздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қызмет өткеру барысындағы құқықтық мәселелер, заңдылықты сақтау және өз құқықтарын қорғау жөнінде жан-жақты түсіндірмелер алды.

– Ұлттық ұлан құрылған сәттен бастап қалыптасу мен жаңғырудың ауқымды жолынан өтті. Бүгінде бұл – кәсіби, ұтқыр әрі заманауи құрылым. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дағдарыстық жағдайлар кезеңдерінде сіздер әрдайым төзімділік, тәртіп және әскери антқа адалдық танытып келесіздер, – деп атап өтті Бас Прокурор.

Кездесу қорытындысы бойынша қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауда ерекшеленген офицерлер мен әскери қызметшілер Бас Прокурордың алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шара аясында қонақтар үшін көрнекі бағдарлама ұйымдастырылды. Саптық алаңда жауынгерлік дайындық элементтері көрсетіліп, Ұлттық ұланның Құрмет қарауыл ротасының саптық дефилесі ұсынылды.

Қатысушыларға қару-жарақ, әскери техника және жабдықтардың көрмесі таныстырылды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қолданылатын заманауи автокөліктер, броньды техника, ұшқышсыз ұшу аппараттары және техникалық құралдар көрсетілді.

Сонымен қатар қонақтар құқықтық тәртіп әскерлерінің жауынгерлік қызметіне енгізілген цифрлық шешімдермен танысты. Бейнеаналитика және жасанды интеллект элементтері бар бейнебақылау жүйелері, тамақтану сапасын электрондық бағалау, психологиялық диагностика кабинеті, сондай-ақ әскери қызметшілердің жақындарымен байланысуына арналған бейнетаксофондар қонақтар тарапынан жоғары бағаланды.

Іс-шара соңында қатысушылар сарбаз ботқасынан дәм татып, Бас прокуратура ардагерлеріне Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің айырым белгісі саналатын күрең жолақты кеудешелер табысталды.

Бұл акция әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Другие новости

Алматы облысында өткен «Қымызмұрындық – 2026» фестиваліне 35 мыңға жуық қонақ келді

Алматы облысында өткен «Қымызмұрындық – 2026» фестиваліне 35 мыңға жуық қонақ келді

Алматы облысында халықтың ұлттық рухын оятып, дарх...

  27.06.2026   104
Фестиваль «Қымызмұрындық – 2026» посетили около 35 тысяч гостей

Фестиваль «Қымызмұрындық – 2026» посетили около 35 тысяч гостей

В Алматинской области завершился этнофестиваль «Қы...

  27.06.2026   94
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті

«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті

Алматы облысында «Қымызмұрындық – 2026» мәдени-көп...

  27.06.2026   98
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтіп жатыр

Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтіп жатыр

Алматы облысының Кеген ауданы Қарқара жайлауында д...

  27.06.2026   115
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.