Воскресенье, 27 Сентября 2026

Олар Жеңісті жақындатты. Біз — сол ерліктің аманатына адал болуға тиіспіз

Олар Жеңісті жақындатты. Біз — сол ерліктің аманатына адал болуға тиіспіз

Іле ауданында 9 мамыр — Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтті.

Тағзым мен тағылымға толы жиында майдан даласында ерлік көрсеткен батырлар мен тылда тынымсыз еңбек еткен жандардың рухына құрмет көрсетілді. Аудан тұрғындары, ардагерлер, жастар мен қоғам өкілдері бір минут үнсіздікпен боздақтарды еске алып, Жеңіс рухына тағзым жасады.

Салтанатты шара барысында аудан әкімі сөз сөйлеп, Ұлы Жеңістің тарихи маңызына тоқталды. Бүгінгі бейбіт өмір — қан майданда жанын қиған ерлердің, тылда күн-түн еңбек еткен жандардың өлшеусіз ерлігінің нәтижесі екені атап өтілді.

Іле өңірінен майданға аттанған мыңдаған азаматтың ерлігі — ел жадында. Сол қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен отансүйгіштігі бүгінгі буын үшін мәңгілік үлгі.

Мерекелік кеште соғыс жылдарының әндері шырқалып, патриоттық композициялар қойылды. Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер айтылды.

Ұлы Жеңіс — тарих қана емес. Ол — ұлттың рухы, елдің жады, ұрпақтың аманаты.

Другие новости

В столицу доставлено 180 тонн продукции

В столицу доставлено 180 тонн продукции

Продукция, собранная на полях и в садах Алматинско...

  26.09.2026   127
Елордаға 180 тонна өнім жеткізілді

Елордаға 180 тонна өнім жеткізілді

Алматы облысындағы егіс алқаптары мен бау-бақшадан...

  26.09.2026   167
В преддверии Дня труда Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятии «Еңбек–ел мұраты»

В преддверии Дня труда Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятии «Еңбек–ел мұраты»

В преддверии Дня труда, отмечаемого в стране по ин...

  26.09.2026   134
Еңбек күні қарсаңында қазақстандықтар жұмысшы мамандықтарға деген көзқарасын білдірді

Еңбек күні қарсаңында қазақстандықтар жұмысшы мамандықтарға деген көзқарасын білдірді

Еңбек күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Еңбек...

  26.09.2026   138
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.