Вторник, 06 Октября 2026

Бүгін Іле ауданында болашаққа салынған инвестицияның ең маңыздысы — білімге құрмет көрсетілді.

Бүгін Іле ауданында болашаққа салынған инвестицияның ең маңыздысы — білімге құрмет көрсетілді.

2026 жылдың 20 мамыр күні Іле ауданындағы Н.Тілендиев атындағы Мәдениет үйі аудандық «Іле дарыны» форумы өтті. Форум білім, ғылым, өнер және спорт салаларында жоғары жетістікке жеткен дарынды оқушыларды ұлықтап, олардың табысына үлес қосқан ұстаздар мен ата-аналардың еңбегін насихаттауға арналды.
Іс-шараға аудан әкімдігі өкілдері, мектеп директорлары, ұстаздар, ата-аналар және дарынды жастар қатысты. Форум барысында аудан оқушыларының республикалық және халықаралық олимпиадалардағы, ғылыми жобалардағы және спорттық жарыстардағы жетістіктері қамтылған арнайы бейнеролик ұсынылды.
Жиынға Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов қатысып, дарынды жастарды құттықтады.
— «Мемлекеттің ең үлкен капиталы — білімді ұрпақ. Бүгінгі форумда отырған әр оқушының жетістігі — үлкен еңбектің нәтижесі. Сіздер ауданымыздың ғана емес, елдің болашағын қалыптастыратын буынсыздар», — деді аудан әкімі.
Форум аясында республикалық және халықаралық деңгейде жоғары нәтиже көрсеткен 7 дарынды оқушы марапатталды. Сонымен қатар, жас таланттардың жетістігіне қолдау білдіріп жүрген 5 ата-анаға аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Іс-шара барысында республикалық олимпиаданың құқық негіздері пәні бойынша ІІІ орын иегері, №38 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Тажбенова Данияла, тәжірибелі ұстаз Кенжалыева Перуза Атабаевна және ата-аналар атынан Алиева Жанар Мартаевна сөз сөйлеп, білім мен отбасы тәрбиесінің маңызын атап өтті.
Форум концерттік бағдарламамен жалғасып, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары көрермендерге ән мен би тарту етті. Сонымен қатар, №28 мектеп-гимназиясы оқушылары орындаған дарынды оқушылар гимні форумның мазмұнын айшықтай түсті.
«Іле дарыны» форумы — талантты жастарды қолдау мен ынталандыруға бағытталған маңызды алаң.

Другие новости

Казахстан - центр притяжения технологий и инвестиций: итоги AI & Digital Bridge 2026

Казахстан - центр притяжения технологий и инвестиций: итоги AI & Digital Bridge 2026

В Астане завершился международный технологический...

  06.10.2026   103
Экологическая ответственность как конституционная норма

Экологическая ответственность как конституционная норма

С 1 июля этого года новая Конституция Казахстана з...

  06.10.2026   103
Великие имена в большой истории

Великие имена в большой истории

180-летие Жамбыла Жабаева стало большим культурным...

  05.10.2026   167
Лучшему учителю — новый автомобиль: в Алматинской области почтили заслуженных педагогов

Лучшему учителю — новый автомобиль: в Алматинской области почтили заслуженных педагогов

Алматинской области отметили День учителя и чество...

  05.10.2026   158
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.