Среда, 20 Мая 2026

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

19-20 мамыр күндері елордада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтті. Іс-шараға әлемнің 23 елінен 300-ден астам жетекші ғалымдар, сарапшылар мен мамандар қатысты. Симпозиум қорытындысы бойынша қатысушылар Алтын Орда мұрасын зерттеу және дәріптеу мәселелеріне қатысты халықаралық академиялық қауымдастықтың ортақ ұстанымдарын айқындайтын Қарар қабылдады.

Симпозиум Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың төрағалығымен, ЮНЕСКО-ның қолдауымен және халықаралық әрі мемлекеттік деңгейдегі беделді тұлғалардың қатысуымен өтті. Іс-шараға ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра орталығының директоры Элунду Лазар, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Арслан Койчиев, Татарстан Республикасының Мәдениет министрі Ирада Аюпова, «La France s’engage» қорының президенті Одрэ Азуле, Моңғолия Ғылым академиясының президенті Содносамбуу Дэмбэрэл, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының президенті Шавкат Аюпов және басқалары қатысты.

Қарарды қабылдау симпозиумның пленарлық және секциялық отырыстары аясында жүзеге асты. Оған ғылыми-зерттеу орталықтарының, халықаралық ұйымдардың, академиялық институттардың өкілдері, сондай-ақ гуманитарлық және ғылыми-білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға атсалысып отырған бейінді құрылымдар қатысты. Құжат Ұлы дала мұрасының тарихи, мәдени және өркениеттік маңызын жан-жақты талқылаудың қорытындысы болды.

Қарарда қатысушылардың ортақ ұстанымын білдіретін негізгі қағидалар бекітілген. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Алтын Орда мен Ұлы дала өркениетінің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу саласындағы халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бастамаларына қолдау білдірілді. Сонымен қатар ғылыми-білім беру диалогын дамытуға және зерттеу жұмыстарының ілгерілеуіне жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ЮНЕСКО-ға алғыс айтылды.

Құжатта халықаралық ғылыми қауымдастық пен бейінді ұйымдардың күш-жігерін біріктіре отырып, мемлекетаралық мәдени және гуманитарлық жобалар арқылы Алтын Орда мұрасын жүйелі зерттеу және кеңінен насихаттау қажеттігі атап өтілген. Сондай-ақ Алтын Орданың тарихи рөлін кең өркениеттік тұрғыда жаңаша әрі кешенді пайымдаудың маңыздылығына, оның зияткерлік, рухани, институционалдық және экономикалық ерекшеліктерін терең ашуға басымдық берілген.

Қарарда Алтын Орданың этностық және діни әралуандылық қағидаттарына негізделген көпмәдениетті қоғамның бірегей үлгісі болғаны және түрлі халықтар мен мәдениеттер арасындағы өзара ықпалдастықтың тұрақты үлгілерін қалыптастырғаны ерекше атап өтіледі. Сонымен қатар Алтын Орданың Ұлы даладағы саяси-мәдени дәстүрлердің қалыптасуына, халықаралық сауда мен дипломатияның, құқықтық институттардың, нумизматика, өнер мен қолөнердің дамуына, сондай-ақ Орталық Еуразиядағы көшпелі және қалалық өркениеттердің эволюциясына қосқан елеулі үлесі көрсетілген.

Құжатта Алтын Орда дәуірінің археологиялық ескерткіштерін әлемдік тарихи-мәдени мұраның ажырамас бөлігі ретінде сақтау мәселесінің айрықша маңызы көрсетіліп, Ұлы дала халықтарының музыкалық дәстүрлері, эпостық мұралары, ауызша аңыз-әңгімелері мен фольклоры секілді материалдық емес мәдени мұраны қорғау және дәріптеу қажеттігі атап өтілген. Сонымен қатар осы бағытта еңбек етіп жүрген ғалымдарға арналған халықаралық тағылымдамаларды, бірлескен зерттеу бағдарламаларын және академиялық ұтқырлықты кеңейту бастамаларына қолдау білдірілді.

Симпозиум қатысушылары Алтын Орда мен Ұлы дала өркениетінің мұрасын терең зерделеуге бағытталған пәнаралық және халықаралық ғылыми жобаларды дамытуды қолдады. Бұл бастамалар Орталық Еуразия елдері арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға және ұзақ мерзімді ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететіні атап өтілді. Сонымен қатар симпозиумды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және Алтын Орда тақырыбын халықаралық ғылыми күн тәртібінде жүйелі түрде ілгерілетіп отырғаны үшін Қазақстан Республикасына алғыс білдірілді.

Қабылданған Қарар алдағы ғылыми, білім беру және мәдени-гуманитарлық қызметтің тұжырымдамалық әрі практикалық бағдаршамы болуға бағытталған. Құжат халықаралық академиялық ықпалдастықты нығайтудың және әлемдік қауымдастық үшін әмбебап құндылыққа ие тарихи мұраны сақтау мен жан-жақты зерттеуге арналған тұрақты ынтымақтастық тетіктерін қалыптастырудың стратегиялық маңызын айқындайды.

Другие новости

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысындағы өндірістік, көлік-логистикалық, энергетикалық және инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысындағы өндірістік, көлік-логистикалық, энергетикалық және инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аяс...

  20.05.2026   69
Поручения Президента: Нурлыбек Налибаев ознакомился с ходом реализации производственных, транспортно-логистических, энергетических и инфраструктурных проектов в Алматинской области

Поручения Президента: Нурлыбек Налибаев ознакомился с ходом реализации производственных, транспортно-логистических, энергетических и инфраструктурных проектов в Алматинской области

В рамках исполнения поручений Главы государства пе...

  20.05.2026   65
Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

19-20 мамыр күндері елордада «Алтын Орда – дала өр...

  20.05.2026   74
В Астане принята Резолюция Международного симпозиума по наследию Золотой Орды

В Астане принята Резолюция Международного симпозиума по наследию Золотой Орды

С 19 по 20 мая в столице состоялся Международный с...

  20.05.2026   86
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.