Суббота, 08 Августа 2026

Балалардың жазғы демалысына старт: Іле ауданында жазғы лагерлер салтанатты ашылды

Балалардың жазғы демалысына старт: Іле ауданында жазғы лагерлер салтанатты ашылды

Іле ауданында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №24 лицей базасында «Қауіпсіз және бақытты балалық шақ» тақырыбындағы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға арналған аудандық іс-шара өтті.
Ауқымды шараның негізгі мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ олардың шығармашылық, интеллектуалдық және көшбасшылық қабілеттерін дамыту.
Іс-шараға аудандық білім бөлімінің мамандары, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жазғы алаң жетекшілері, психологтар, әлеуметтік педагогтер және ұйымдастырушы педагогтер қатысты.
Шара барысында қатысушылар лицей жанындағы «Балдәурен» жазғы алаңының жұмысымен танысып, жазғы демалыс кезеңінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған жұмыстарды талқылады.
Салтанатты ашылу рәсімінде Іле аудандық білім бөлімінің басшысы Қаламқас Сарсенбаева сөз сөйлеп, балалардың қауіпсіздігі мен сапалы демалысын қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Сонымен қатар Іле аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, су айдындарында, көшеде және тұрмыста сақталуы тиіс қауіпсіздік талаптарына тоқталды.
Іс-шара аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Практикалық бөлімде қатысушылар шығармашылық шеберлік сабақтарына, ұлттық ойындарға, спорттық жарыстарға, интеллектуалдық және танымдық алаңдарға қатысты.
Атап айтқанда, «Қалдықтардың екінші келбеті» экологиялық шеберлік сабағы, «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» алаңы, «Қауіпсіз балалық шақ» профилактикалық тренингі, «Болашақ мамандықтар әлемі» кәсіптік бағдар алаңы, ағылшын тіліндегі танымдық ойындар, арт-терапия және спорттық эстафеталар өткізілді.
Бағдарламаның қорытынды бөлімінде психологиялық тренинг ұйымдастырылып, жазғы демалысты ұйымдастыруға қатысты қажетті құжаттар таныстырылды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, ұсыныстарын білдірді.
Осылайша, Іле ауданында балалардың жазғы демалыс маусымы ресми түрде басталып, олардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарға старт берілді. Биыл аудан бойынша мыңдаған оқушыны қамтитын жазғы демалыс алаңдары мен сауықтыру шаралары ұйымдастырылып, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалмақ.

Другие новости

Фундамент зримых перемен

Фундамент зримых перемен

Строительство - одна из тех сфер, где результаты р...

  07.08.2026   96
Цифровая трансформация региона

Цифровая трансформация региона

Цифровизация государственных услуг, развитие интел...

  07.08.2026   111
Профилактика дает результат

Профилактика дает результат

Комплексные профилактические мероприятия, проведен...

  07.08.2026   99
Драйвер развития экономики

Драйвер развития экономики

Казахстан вступил в новый этап развития, где важна...

  07.08.2026   94
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.