Понедельник, 01 Июня 2026

ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН ӘН — ЖҮРЕККЕ ЖЕТТІ: ІЛЕ АУДАНЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ ВОКАЛ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН ӘН — ЖҮРЕККЕ ЖЕТТІ: ІЛЕ АУДАНЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ ВОКАЛ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Іле ауданында ерекше форматтағы «Жүректен жүрекке» инклюзивті вокал фестивалі өтті. Н.Тілендиев атындағы аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған шара ерекше қажеттілігі бар талантты балалардың өнерін насихаттап, олардың шығармашылығына қолдау көрсетуге арналды. 
Фестиваль аясында мәдениет үйінің фойесінде қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, келген қонақтар мен балаларға сусындар таратылды. Мерекелік сахнада ауданның және облыстың түкпір-түкпірінен келген жас өнерпаздар ән шырқап, би билеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. 
Шараға Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов қатысып, балаларды мерекемен құттықтады.
«Балалардың күлкісі – қоғамның бақыты мен берекесінің белгісі. Әрбір бала өз арманын жүзеге асырып, қабілетін еркін дамыта алатын ортада өсуі тиіс. Біздің міндетіміз – балаларға сапалы білім мен тәрбие беріп қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға барлық жағдай жасау. Бүгінгі фестиваль – шектеусіз мүмкіндіктің, мейірім мен достықтың жарқын көрінісі. Барша бүлдіршіндерді мерекемен құттықтаймын!» – деді аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов.
Сонымен қатар фестивальдің өтуіне қолдау көрсеткен демеушілер мен қоғамдық ұйым өкілдері балаларға ізгі тілектерін білдірді. 
Фестиваль барысында 28 өнер нөмірі ұсынылды. Жас әншілер қазақ, орыс және шетелдік әндерді орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ би ұжымдарының өнері мен арнайы шақырылған қонақтардың қатысуы мерекенің мазмұнын байыта түсті. 
Шараның басты ерекшелігі – әр баланың сахна төрінде өзін еркін сезінуіне мүмкіндік беру және қоғамдағы инклюзивті мәдениетті нығайту болды. Өнер арқылы балалар достықтың, қамқорлықтың және өзара қолдаудың үлгісін көрсетті. 
Іле ауданында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар ауданның барлық елді мекендерінде жалғасып, мыңдаған балаға қуаныш сыйлады.

Другие новости

Праздник, подаривший детям радость

Праздник, подаривший детям радость

В развлекательном комплексе Family Park города Қон...

  01.06.2026   15
Новый символ единства и согласия

Новый символ единства и согласия

Начало строительства Дома дружбы в городе Қонаев –...

  01.06.2026   86
БАЛМҰЗДАҚ, СЫЙЛЫҚ ЖӘНЕ МЫҢДАҒАН КҮЛКІ: ІЛЕ АУДАНЫНДА БАЛАЛАР КҮНІ ЕРЕКШЕ АТАЛЫП ӨТТІ

БАЛМҰЗДАҚ, СЫЙЛЫҚ ЖӘНЕ МЫҢДАҒАН КҮЛКІ: ІЛЕ АУДАНЫНДА БАЛАЛАР КҮНІ ЕРЕКШЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Балалардың шат күлкісі мен қуанышты дауысы жаңғырғ...

  01.06.2026   93
ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН ӘН — ЖҮРЕККЕ ЖЕТТІ: ІЛЕ АУДАНЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ ВОКАЛ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН ӘН — ЖҮРЕККЕ ЖЕТТІ: ІЛЕ АУДАНЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ ВОКАЛ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне ора...

  01.06.2026   90
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.