Ұлттық құрылтай, ел болашағын айқындайтын маңызды қоғамдық институт
Ұлттық құрылтай, қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын нығайтатын, халықтың ұсыныстары мен пікірлерін мемлекеттік саясатпен ұштастыратын маңызды қоғамдық институт. Ол елдің өзекті мәселелерін талқылап, ұлттық бірлікті нығайтуға және Қазақстанның тұрақты дамуына ықпал етеді.
Құрылтай жұмысына еліміздің әр өңірінен келген қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жастар, еңбек адамдары, үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар қатысып, маңызды бастамалар мен ұсыныстарын ортаға салады. Құрылтайда көтерілген ұсыныстар мемлекеттік бағдарламалар мен заңнамалық өзгерістерге негіз болып, қоғам өміріндегі оң өзгерістерге жол ашуда.
Құрылтай отырыстарында ұлттық құндылықтарды сақтау, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, білім беру сапасын жетілдіру, балалардың құқықтарын қорғау, отбасы институтын нығайту, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және өңірлердің дамуы сияқты стратегиялық маңызды мәселелер қарастырылады.
Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселесі де ерекше назарда. Өйткені жас ұрпақтың сапалы білім алып, қауіпсіз ортада өсуі, олардың құқықтарының сақталуы, елдің болашағына салынған инвестиция.
Сонымен қатар, қоғамдық келісім мен татулықты сақтау, заңға құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру да Құрылтайдың негізгі басымдықтарының бірі. Бірлігі бекем, заң үстемдік құрған қоғам ғана тұрақты дамуға қол жеткізе алады.
Ұлттық құрылтай, өткеннің тағылымын сақтай отырып, бүгінгі міндеттерді айқындап, елдің болашағына бағыт беретін маңызды алаң. Оның басты мақсаты, халықтың бірлігін нығайтып, әрбір азаматтың ел дамуына деген жауапкершілігін арттыру.
Бірлік пен ынтымақты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, заң мен тәртіпті сақтау және жас ұрпаққа сапалы тәрбие беру, әрбір қазақстандықтың ортақ міндеті. Осындай құндылықтар ғана Әділетті Қазақстанды құруға және елдің тұрақты дамуына негіз болады.
Автор: Даяна Рахатқызы
Алматы облысының Балалар құқықтарын қорғау басқармасының статист маманы






