Пятница, 16 Октября 2026

JAGALAU FEST: Қонаевта шомылу маусымының үздіктері марапатталды

JAGALAU FEST: Қонаевта шомылу маусымының үздіктері марапатталды

Қонаевта шомылу маусымы қорытындыланып, жазғы демалыстың соңғы күндері JAGALAU FEST мерекелік кешімен атап өтілді. №5 қалалық жағажайда өткен шарада тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіз әрі жайлы демалуына үлес қосқан мамандар марапатталды.

Алғыс хат иеленгендердің қатарында құтқарушылар, полиция қызметкерлері, медицина мамандары, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және басқа да сала өкілдері бар. Олар жаз бойы жағажайларда қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, шомылу маусымының талапқа сай өтуіне атсалысты.

Сонымен қатар маусым қорытындысы бойынша жағажайлар мен демалыс орындарының үздіктері анықталды. №5 қалалық жағажай «Үлгілі жағажай», №4 қалалық жағажай «Жайлы қалалық жағажай» номинацияларына ие болды. Heaven Club «Спорттық туризм көшбасшысы» атанса, Del Mare демалыс аймағы «Халық таңдауы» номинациясымен марапатталды.

Концертте Қонаев қаласы әкімі аппаратының басшысы Рахман Шахарбек шомылу маусымында еңбек еткен мамандарға алғыс білдірді.

«Жаз – Қонаев үшін ерекше мезгіл. Қалалық жағажайлар тұрғындар мен қонақтардың сүйікті демалыс орнына айналды. Бүгін біз жазды жақсы көңіл-күймен шығарып салып отырмыз. Бірақ ең бастысы – шомылу маусымының қауіпсіз өтуі. Осыған байланысты маусымда халыққа қалтқысыз қызмет еткен мамандарға алғыс айтамын», – деді ол.

Марапаттау рәсімінен кейін кеш концерттік бағдарламаға ұласып, жағажай аумағы музыка мен мерекелік көңіл-күйге бөленді. Жанды музыка, жергілікті өнерпаздардың өнері және DJ-сет, ZAKARIYA BAND көрермендерге жаздың соңғы күндерін есте қаларлықтай өткізуге мүмкіндік берді.

Другие новости

Бюджет района под вниманием депутатов

Бюджет района под вниманием депутатов

Новая Конституция определяет маслихаты как местные...

  15.10.2026   134
Право говорить и обязанность думать

Право говорить и обязанность думать

Новая Конституция гарантирует свободу слова, творч...

  15.10.2026   156
Дети, родители и государственная защита

Дети, родители и государственная защита

Новая Конституция закрепляет защиту брака и семьи,...

  15.10.2026   145
Конституция о природе и будущем

Конституция о природе и будущем

Новая Конституция закрепляет, что земля, недра, во...

  15.10.2026   150
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.