Четверг, 15 Октября 2026

Мемлекет басшысы саммит форумның маңызына елеулі сын-қатер төніп тұрған кезеңде өтіп жатқанын айтты

Мемлекет басшысы саммит форумның маңызына елеулі сын-қатер төніп тұрған кезеңде өтіп жатқанын айтты

Президенттің пікірінше, әлемде тыңғылықты байыптап, мұқият ойластырылған шешімді қажет ететін аса күрделі әрі бұрын-соңды болмаған үдерістер орын алып жатыр.

– Түптеп келгенде, халықаралық қауіпсіздік архитектурасының іргесі шайқала бастады. Бұл жайт құқық үстемдігі көлеңкеде қалып, күш көрсету басымдыққа ие болған қауіпті үрдіспен қатар жүруде. Былтыр әлемде қарулы қақтығыстар саны Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі көрсеткіштен асып түсті. Бұл кикілжіңдердің құны статистикалық деректермен ғана емес, адам ғұмырымен де өлшеніп жатыр. Өткен жылдың өзінде 20 қарулы қақтығыс болып, 37 мыңнан астам бейбіт тұрғын ажал құшты. 117 миллионнан аса адам босқынға айналды, ал 266 миллион жан ішер асқа жарымай отыр. Бұл үрдіс ұзақ жылдар бойы жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізуге бағытталған бірлескен саяси күш-жігердің нәтижесін жоққа шығарды. Сондықтан Азияға анағұрлым мықты институттар қажет. Ниеттестік жөніндегі декларациялар қабылдаудың дәуірі өтті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент 2022 жылы Астанада ұйымдастырылған VI саммитте АӨСШК мүше мемлекеттері Кеңесті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруға уағдаласқанына назар аударды.

– Бүгінде Ұйымға төрағалық етіп отырған Әзербайжан бұл миссияны лайықты деңгейде іске асырып келеді. АӨСШК Жарғысының қабылдануын асыға күтеміз. Бұл алдағы іс-қимылымыздың жол картасы болады. Қазақстанның АӨСШК трансформациясына қатысты ұстанымы бұған дейін бекітілген міндеттемелерге негізделген. Сондай-ақ ортақ түсіністікке қол жеткізуге және тиісті келісімдерді әзірлеуге икем танытуды басшылыққа алады. Кеңес Азиядағы орнын сақтай отырып, жаһандық серіктестермен ынтымақтастыққа ашық институт болуға тиіс. Ұйым өзара сенім рухындағы дәйекті диалог пен сындарлы консультацияға негізделген қауіпсіздік моделін ілгерілетуі керек, – деді Мемлекет басшысы.

Другие новости

Глава государства отметил, что саммит проходит в период, когда сама значимость форума подвергается серьезной проверке на прочность

Глава государства отметил, что саммит проходит в период, когда сама значимость форума подвергается серьезной проверке на прочность

Он полагает, что мир сталкивается с чрезвычайно сл...

  15.10.2026   69
Мемлекет басшысы саммит форумның маңызына елеулі сын-қатер төніп тұрған кезеңде өтіп жатқанын айтты

Мемлекет басшысы саммит форумның маңызына елеулі сын-қатер төніп тұрған кезеңде өтіп жатқанын айтты

Президенттің пікірінше, әлемде тыңғылықты байыптап...

  15.10.2026   64
Глава государства выступил на VII саммите СВМДА

Глава государства выступил на VII саммите СВМДА

В начале выступления Президент Казахстана выразил...

  15.10.2026   61
Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан Президенті қонақжайлық көрсеткені және с...

  15.10.2026   56
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.