Четверг, 15 Октября 2026

Alatau Hub Алматы облысының тұрғындарын Decentrathon 6.0 хакатонына шақырады Елдегі ең ірі технологиялық жарыстың қорытынды маусымы 30-31 қазанда Қазақстанның 19 қаласында өтеді

Alatau Hub Алматы облысының тұрғындарын Decentrathon 6.0 хакатонына шақырады Елдегі ең ірі технологиялық жарыстың қорытынды маусымы 30-31 қазанда Қазақстанның 19 қаласында өтеді

Alatau Hub Қонаев қаласы мен Алматы облысының барлық тұрғындарын Decentrathon 6.0 хакатонына қатысуға шақырады. Хакатон программистерді, дизайнерлерді, аналитиктерді, студенттерді және технологияға қызығатын барлық адамды біріктіреді. Ол бизнестің шынайы тапсырмаларында күшіңді сынайтын алаңға айналады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Decentrathon кәдімгі жарыс форматынан әлдеқашан асып кеткен. Қатысушылар жетекші компаниялардың шынайы бизнес-кейстерін шешеді: оқу мысалдары жоқ, тек нарықтың нақты сын-тегеуріндері. Командалардың жұмысын индустрия менторлары мен сарапшылары қолдайды: олар тікелей кері байланыс беріп, өнімді жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар хакатон нетворкинг пен мансап мүмкіндіктерін ашады. Қатысушылар фаундерлермен, компания өкілдерімен және болашақ командаластарымен танысады, ал біреулер үшін бұл арман жұмысын табуға мүмкіндік болады.

Қатысушылардың жайлылығы да ескерілген: хакатон барысында кодпен жұмыс істеп шаршағандарға арнап сусындары бар пицца-тайм ұйымдастырылады. Сондай-ақ қатысушыларға арналған Decentrathon-ның шектеулі эксклюзивті мерч топтамасы көзделген.

Жарыстың ауқымы маусымнан маусымға ұлғайып келеді. Өткен жылы оған елдің 20 қаласынан 5 500-ден астам адам қатысты, ал жүлде қоры 12 500 000 теңге және $20 000 болды. Бес маусым ішінде жоба 17 000-нан астам IT-маманды біріктірді.
Жасына, тұратын өңіріне және тәжірибесіне қарамастан, кез келген адам қатыса алады. Мектеп оқушыларына да рұқсат етіледі, бірақ тек командамен: команда капитаны 18 жастан асқан болуы тиіс.

Хакатон тапсырмалары 30 қазанда сағат 11:00-де ашылады, дайын шешімдерді 31 қазан, 23:59-ға дейін тапсыру қажет. Жеңімпаздарды ұйымдастырушылар 10 қарашада онлайн жариялайды.
Өңір тұрғындары хакатонға қашықтан да, офлайн да қосыла алады. Қатысушылар Қонаев қаласында мына мекенжай бойынша қабылданады: Қонаев тұйығы, 5Б.

Тіркеу 29 қазан, 23:59-ға дейін ашық. Ол edu.astanahub.com платформасында өтеді, сілтемесі decentrathon.ai сайтында орналасқан. Өтінімді толтырғанда нақты тұратын қаланы көрсету қажет.

Decentrathon 6.0 хакатонын Astana Hub және Blockchain & AI Technology Center (BAITC) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырады.

Другие новости

Бюджет района под вниманием депутатов

Бюджет района под вниманием депутатов

Новая Конституция определяет маслихаты как местные...

  15.10.2026   30
Право говорить и обязанность думать

Право говорить и обязанность думать

Новая Конституция гарантирует свободу слова, творч...

  15.10.2026   34
Дети, родители и государственная защита

Дети, родители и государственная защита

Новая Конституция закрепляет защиту брака и семьи,...

  15.10.2026   35
Конституция о природе и будущем

Конституция о природе и будущем

Новая Конституция закрепляет, что земля, недра, во...

  15.10.2026   38
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.