ІЛЕ АУДАНЫНДА БАЛАЛАР АЛАҢЫ МЕН САЯБАҚТЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА
Бүгін Іле аудандық саяси кеңес мүшелері Түймебаев ауылындағы балалар алаңы мен саябақты абаттандыру жұмыстарының барысын зерделеді.
Мониторинг барысында нысанға бейнебақылау камерасы орнатылғаны, құрылыс жұмыстарының 90%-ға аяқталғаны анықталды. Қазіргі уақытта кейбір орындықтарды және үстел теннисіне арналған үстелді орнату сияқты жұмыстарды аяқтау қажет.
Зерделеу қорытындысы бойынша Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасарына қалған жұмыстарды созбалаңға салмай, белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігі ескертілді.
Балаларға қолайлы орта қалыптастыру және абаттандыру жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуын бақылау – басты назарда!






