Среда, 14 Октября 2026

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА УЛЫ ГАЗДЫ АНЫҚТАЙТЫН ДАТЧИКТЕР ОРНАТЫЛДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА УЛЫ ГАЗДЫ АНЫҚТАЙТЫН ДАТЧИКТЕР ОРНАТЫЛДЫ

Іле ауданының Байсерке ауылындағы саяжай аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және газдан уланудың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Республикалық «Қауіпсіз қала» акциясы аясында «Әділет» партиясының белсенділері Іле аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, пешпен жылытылатын жеті тұрғын үйдің мұржасын тазалап, улы газ бен түтінді анықтайтын датчиктер орнатты.

Жұмыс барысында көмекке мұқтаж отбасыларға басымдық беріліп, тұрғын үйлер алдын ала іріктелді. Бұл бастама тұрғындардың тұрмыстық қауіпсіздігін арттыруға және жылыту маусымында туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Байсерке ауылының тұрғыны Айжан Пазилова көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша, мұржаның тазалануы мен датчиктердің орнатылуы отбасының қауіпсіздігіне деген сенімді арттырған.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары тұрғындарға пешті қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндіріп, мұржаларды уақтылы тазалау мен жылыту жүйелеріне тұрақты техникалық қызмет көрсетудің маңыздылығын еске салды.

Басты мақсат – төтенше жағдайлардың салдарын жою емес, олардың алдын алып, адам өмірі мен денсаулығын қорғау.

#ӘділетПартиясы #ҚауіпсізҚала #ІлеАуданы #Қауіпсіздік #ТөтеншеЖағдайлардыңАлдынАлу

Другие новости

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА УЛЫ ГАЗДЫ АНЫҚТАЙТЫН ДАТЧИКТЕР ОРНАТЫЛДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА УЛЫ ГАЗДЫ АНЫҚТАЙТЫН ДАТЧИКТЕР ОРНАТЫЛДЫ

Іле ауданының Байсерке ауылындағы саяжай аумағында...

  14.10.2026   110
Широкий выбор

Широкий выбор

В селе Баканас на рынке «Шапағат» прошла сельскохо...

  14.10.2026   115
«Әділет» партиясының жастары Қонаевтағы тарихи ескерткіштерді тазалады

«Әділет» партиясының жастары Қонаевтағы тарихи ескерткіштерді тазалады

«Вандализмге жол жоқ» акциясы аясында «Әділет» пар...

  14.10.2026   108
Свое дело с ароматной корочкой

Свое дело с ароматной корочкой

Еще недавно жительницам села Бесагаш Талгарского р...

  14.10.2026   115
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.