ІЛЕ АУДАНЫНДА ТРОТУАР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
14 қазан күні Іле аудандық саяси кеңес мүшелері Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты «Батыр» саяжайындағы тротуар құрылысының барысын зерделеді.
Мониторинг барысында құрылыс жұмыстарының бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқаны және қазіргі уақытта тротуар плиталарын төсеу жұмыстары атқарылып жатқаны анықталды.
Зерделеу қорытындысы бойынша құрылыс компаниясының өкілдеріне жұмыстарды бекітілген кестеге сәйкес, белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау қажеттігі ескертілді.
Жол инфрақұрылымын дамыту және құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуын бақылау – басты назарда!






