Четверг, 15 Октября 2026

ІЛЕ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

ІЛЕ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Іле аудандық партия белсенділері құрылыс нысандарының жұмыс барысын зерделеу мақсатында мониторингтік рейд ұйымдастырды.

Рейд барысында Боралдай кентіндегі 280 орындық мәдениет үйінің құрылысы тексерілді. Зерделеу нәтижесінде құрылыс жұмыстарының 90%-ға аяқталғаны анықталды. Алайда бірқатар мәселе бар екені белгілі болды. Атап айтқанда, жылу және су құбыры желілері әлі қосылмаған, сыртқы абаттандыру жұмыстары толық аяқталмаған.

Сонымен қатар, тексеру кезінде нысанда жұмысшылардың болмағаны байқалды. Құрылыс жұмыстарының қаржыландыруға байланысты тоқтап тұрғаны айтылды.

Мониторинг барысында анықталған кемшіліктер құрылыс компаниясының өкіліне жеткізіліп, оларды жою және құрылыс жұмыстарын одан әрі жалғастыру мәселелері көтерілді.

Нысандардың сапалы әрі уақытылы  аяқталуы басты назарда

Другие новости

Қонаевта апатты үйлер сүріліп жатыр

Қонаевта апатты үйлер сүріліп жатыр

Қонаев қаласында 2025–2029 жылдарға арналған Жол к...

  15.10.2026   67
В Конаеве сносят аварийные дома

В Конаеве сносят аварийные дома

В Конаеве в соответствии с Дорожной картой на 2025...

  15.10.2026   71
ІЛЕ АУДАНЫНДА ТРОТУАР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ІЛЕ АУДАНЫНДА ТРОТУАР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14 қазан күні Іле аудандық саяси кеңес мүшелері Ащ...

  15.10.2026   65
ІЛЕ АУДАНЫНДА БАЛАЛАР АЛАҢЫ МЕН САЯБАҚТЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

ІЛЕ АУДАНЫНДА БАЛАЛАР АЛАҢЫ МЕН САЯБАҚТЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

Бүгін Іле аудандық саяси кеңес мүшелері Түймебаев...

  15.10.2026   67
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.