Четверг, 08 Октября 2026

Алматы облысында баспана құрылысы қарқын алды

Алматы облысында баспана құрылысы қарқын алды

Алматы облысында үй кезегінде тұрған отбасыларды баспанамен қамтуға биыл 42 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржыға 2361 пәтер сатып алу көзделген. Сондай-ақ бюджет есебінен 1018 пәтерлі 20 көпқабатты тұрғынүйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл баспаналар азаматтарға жеңілдетілген несие арқылы беріледі - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Былтыр өңірде 3 мыңнан аса әлеуметтік осал топ санатына жататын азаматтар баспаналы болды. Бүгінде облыс бойынша тұрғын үй кезегіне 70 мыңға жуық адам тіркелген. Соның ішіндегі 21 510 адам әлеуметтік осал топ санатына жатады. Қазір аудандарда халықты баспамен қамту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, Іле ауданында биыл баспана кезегінде тұрған 300 отбасы қоныс тойын атап өтпек. Ол үшін Нұрғиса Тілендиев ауылындағы 10 гектар аумаққа екі пәтерлі 95 үй салынған.

« Жаңа үйлердің сыртқы фасады травертинмен қапталып, су, газ, жарық сынды коммуналдық қызметтері мен ішкі жұмыстары толық жүргізіледі. Әр тұрғын үйдің жалпы алаңы 85 шаршы метр аумақыты құрайды. Бүгінде тұрғын үйлердің маңы абаттандырылып жатыр. Алда бұл тұрғын үй алабына жеке инвестор есебінен спорттық және бабалардың ойын алаңы, шағын демалыс орындары салынады. Жаңа үйлер иелеріне берілгенше жеке инвестордің қадағалауында болады», – дейді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ғазиз Исбай.

Баспаналар «Отбасы банк» арқылы жалға беру және кейін сатып алу тетігімен рәсімделеді. Ипотекалық төлемнің бір бөлігі бюджет есебінен субсидияланады. Сондай-ақ Алматы облысында «Алатау» өңірлік тұрғын үй бағдарламасына құжаттар қабылдау жалғасуда. 2025 жылы бұл бағытқа 3,7 млрд теңге бөлініп, 132 отбасы баспаналы болды.

Другие новости

Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   106
Конституция о защите Родины

Конституция о защите Родины

Конституция называет защиту Республики Казахстан с...

  08.10.2026   99
Омбудсмен в новой Конституции

Омбудсмен в новой Конституции

Новая Конституция закрепляет место уполномоченного...

  08.10.2026   103
Образование, труд и участие

Образование, труд и участие

Новая Конституция напрямую касается молодых казахс...

  08.10.2026   91
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.