Суббота, 21 Марта 2026

Сүмбе ауылында спорт кешені ашылды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Райымбек ауданына жасаған іссапарында Сүмбе ауылында спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты.

Шара Республика күніне орай ұйымдастырылған.

"Ауылда спортқа қызығушы балалардың көп болғаны қуантады. Бұл нысанның салауатты өмір салтын қалыптастырып, халық арасында дәріптеуде маңызы зор. Жалпы Нарынқол өңірінің жастары белсенді әрі талантты. Осы спорт кешенінен Қазақстанның туын көкке көтеретін, айбынды жастар тәрбиеленіп шығады деп үміттенеміз. Ауыл, аудан, қалаларымыз дами берсін! Мереке құтты болсын!" - деді Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөзінде.

Содан кейін өңір басшысы нысанның қызыл лентасын қиып, кешенді аралап шықты. Ғимарат 1 гектардан астам аумақты алып жатыр. Аулада баскетбол және футбол алаңдары, көліктерге арналған тұрақ, воркаут алаңы бар. Ал кешеннің ішінде 70 көрерменге арналған спорт, бокс, фитнес, күрес, гимнастика залдары орналасқан.233Жанна08:43

Другие новости

Азарт родом из детства

Азарт родом из детства

В Казахстане 20 марта отмечают День национального...

  20.03.2026   102
Сила духа на спортивный айт

Сила духа на спортивный айт

В пятницу, когда священный праздник Ораза айт совп...

  20.03.2026   123
600 тысяч участников и дух Наурыза: в Алматинской области масштабно отметили День национальных видов спорта

600 тысяч участников и дух Наурыза: в Алматинской области масштабно отметили День национальных видов спорта

В рамках декады «Наурызнама» в Алматинской области...

  20.03.2026   144
600 мың қатысушы және Наурыз рухы: Алматы облысы Ұлттық спорт күнін кең көлемде атап өтті

600 мың қатысушы және Наурыз рухы: Алматы облысы Ұлттық спорт күнін кең көлемде атап өтті

«Наурызнама» онкүндігі аясында Алматы облысында Ұл...

  20.03.2026   111
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.