Суббота, 21 Марта 2026

ТОЛҒАНАЙ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Арменияның астанасы Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қасымхан Толғанай әлем чемпионы атанды! Толғанай ақтық сында ресейлік Кира Леонованы 3-2 есебімен жеңді! З раунда нокдаунға жіберіп еліміздің туын желбіретті.
Естеріңізде болса жақында ғана Астана қаласында өткен Азия біріншілігінде алтыннан алқа таққан болатын! Боксшы қыз Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында, Б.Соқпақбаев атындағы орта мектепте 11 сыныпта оқиды!!!
Қасымхан Толғанай Болатқызы 16 шілде 2007 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында Ақыновтар отбасында дүниеге келген. 1 қыркүйек 2018 жылы Б.Соқпақбаев атындағы орта мектепке 1 сыныпқа қабалданды. 2023-2024 оқу жылында 11 сыныпта оқиды. Мектепте өте жақсы оқиды, қоғамдық шаралар мен спорт үйірмесіне (бокс,жүгіру,жеңіл атлетика) белсене араласады. «Алтын» белгіге үміткер.
Толғанай Райымбек ауданының 4 дүркін жеңімпазы. Алматы облысы 5 дүркін жеңімпазы. Е.Ибраимовтың құрметіне арналған Халықаралық турнир 3 орын. Дәукен Смағұловты жүлдесіне арналған Республикалық турнир 1 орын және жылдың ең үздік боксшысы кубогін жеңіп алды. Жалаңтөс Баһадүрді еске алуға арналған Республикалық турнир 2 орын. Қостанай қаласының ашық чемпионаты -1 орын. Д. Смағұловтың жүлдесі Азия чемпионатына Іріктеу 1 орын. Өзбекстан, Республикалық турнирі-3 орын. Кубок Шардара Халықаралық турнир 1 орын. 2007-2008 ж.т жасөспірім қыздар арасында Азия чемпионатының жеңімпазы. Мағжан Иембергенді еске алуға арналған Республикалық турнирдің 2 дүркін жеңімпазы. Жасөмпірімдер арасында әлем чемпионы.

Фото: sports.kz

Другие новости

Азарт родом из детства

Азарт родом из детства

В Казахстане 20 марта отмечают День национального...

  20.03.2026   95
Сила духа на спортивный айт

Сила духа на спортивный айт

В пятницу, когда священный праздник Ораза айт совп...

  20.03.2026   113
600 тысяч участников и дух Наурыза: в Алматинской области масштабно отметили День национальных видов спорта

600 тысяч участников и дух Наурыза: в Алматинской области масштабно отметили День национальных видов спорта

В рамках декады «Наурызнама» в Алматинской области...

  20.03.2026   136
600 мың қатысушы және Наурыз рухы: Алматы облысы Ұлттық спорт күнін кең көлемде атап өтті

600 мың қатысушы және Наурыз рухы: Алматы облысы Ұлттық спорт күнін кең көлемде атап өтті

«Наурызнама» онкүндігі аясында Алматы облысында Ұл...

  20.03.2026   105
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.