Среда, 02 Июля 2025

10 күндік таңғы жаттығу

10 күндік таңғы жаттығу

2024 жылдың 07-16 қазан күндері аралығында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен "Спорт - маңызды, Спорт - қажет" атты мемлекеттік қызметшілер арасында 10 күндік таңғы жаттығу
іс-шарасы өтуде. Бұл іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметтің беделін арттыру мен оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және Алматы облысының мемлекеттік мекемелері арасында бұқаралық-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. 
10 қазан күні таңғы жаттығудың төртінші күні өтті. Таңғы жаттығуды грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем және Азия чемпионы, Париж  Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраев өткізді.  Жаттығу барысында қатысушыларға кәсіби кеңес беріп, физикалық жаттығулардың маңыздылығын атап өтті. Демеу қатысушылармен бірге түрлі жаттығу әдістерін орындап, командалық рухты нығайтуға көмектесті. Қызметкерлерге қайырлы таң мен сәтті күн тілеп, ізгі ниетін білдірді. Оның тәжірибесі мен мотивациясы әрбір қатысушыға шабыт берді деген сенімдеміз.
Жарыс соңында белсене қатысқан мемлекеттік мекемелер ақшалай сыйлықтармен, медальдармен және I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Другие новости

И в спорте есть место подвигу!

И в спорте есть место подвигу!

Порой  атлеты на соревнованиях прилагают &nbs...

  01.07.2025   117
Эффектные приемы и неограниченные возможности

Эффектные приемы и неограниченные возможности

Сборная республики Казахстан заняла 1 общекомандно...

  30.06.2025   184
Подведены итоги, намечены планы

Подведены итоги, намечены планы

В Доме Культуры города Талгар состоялось расширенн...

  25.06.2025   445
Туристический маршрут  длиной в два берега

Туристический маршрут длиной в два берега

Казахстан и Индия запустили еще один совместный пр...

  25.06.2025   401
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.