Суббота, 27 Декабря 2025

«ҰЛТТЫҚ МҰРА» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА "ҰЛТТЫҚ ОЙЫН-ХАЛЫҚ МҰРАСЫ" АТТЫ ІЛЕ АУДАНДЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

«ҰЛТТЫҚ МҰРА» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

Бүгін Іле ауданының денешынықтыру және сауықтыру кешенінде  «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында ұлттық, Іле дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен ұлттық  спорт түрлерінен аудандық турнир өткізілді.
Спорттың 5 түрінен өтіп жатырған байрақты бәсекенің ашылу салтанатына «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы А.Сатибаев, БПҰ – ның төрағалары және спорт ардагерлері, аудан тұрғындары қатысты.
- Ұлттық спорт күні қазақтың дәстүрлі спорт түрлерін жаңғырту мен насихаттауға арналған. Бұл күні азаматтарды спорттық дәстүрлер мен дала халықтарының бай мұрасын тануға, тән мен жан үйлесіміне ұмтылыс біріктіреді. «Ұлттық спорт » адамдарды бәсекелестік пен өзара сыйластық арқылы жақындастырады және ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал етеді. Бұл спорт – қиындықтарды жеңудің, жетістіктерді бірге атап өтудің және дәстүрлі құндылықтарды жаңа ұрпаққа жеткізудің ең ұтымды жолы» - деді жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Алмасбек Сатибаев.
- «АМАNAT» партиясында ел игілігі жолындағы бірқатар партиялық жобалар бар. Бұл жобалардың барлығы халыққа қызмет жасайтын, жастардың тәрбиесіне ықпал ететін бірден-бір тиімді жобалар. Сол жобалардың бірінде біз бас қосып отырмыз. Биылғы жыл еліміз үшін өткен жылдағылардай атаулы даталарға толы. Сол мерейтойларға арналған халқымыздың мерейін үстем ететін игілікті шаралар көп болады деген үміттеміз. Бүгінгі шарамыз Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналып отыр, – деді Талғат Шәріпұлы.
- «АМАNAT» партиясының ұлттық құндылықтарды дамыту бағытында өткізілетін партиялық іс-шараларды жүйелеу және біріздендіру мақсатында «Ұлттық мұра» партиялық жобасы 2019 жылдан бері іске асырылып келеді.  «Ұлттық мұра» жобасының мақсаты – мәдениетімізді қалыптастыру, ұлттық тәрбиені арттыру -  деді Қапар Тоқтарбайұлы.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар медаль, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды, және облыстық турнирге жолдама алды. 

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Другие новости

Спортивная элита города

Спортивная элита города

Спортсмены города Қонаев в очередной раз достойно...

  24.12.2025   197
Гибкий путь к победе

Гибкий путь к победе

В Енбекшиказахском районе прошёл юношеский открыты...

  23.12.2025   252
Марафон меткости

Марафон меткости

В честь Дня Независимости Республики Казахстан в А...

  22.12.2025   271
Тактическое мышление и воля к победе

Тактическое мышление и воля к победе

 В Алматинской области прошёл юношеский чемпи...

  20.12.2025   312
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.