Четверг, 19 Марта 2026

Қуат Байғоджаев журналистерді келе жатқан БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтады

Қуат Байғоджаев журналистерді келе жатқан БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтады

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалында мерекелік іс-шара өтті.

Өңірдің ақпарат саласының үздіктері бас қосқан жиында партия филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев құттықтау сөз сөйледі.

Қуат Сұлтанұлының айтуынша, демократиялы қоғам орнатуда, мемлекетті дамытуда журналистиканың маңызы зор. Кезінде Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп ой түйіндеп, журналистика саласының маңызы тереңде екенін айтқан. Қазір ақпараттық технология дамып, газет, телеарна радиодан бөлек интернет сайттары мен порталдардың жұмысы күшейді, жаңалықты жедел ұсынудың жолдары көбейді. Әлеуметтік желілердің өзі ақпарат таратуда маңызға ие болып отыр. Журналистика саласына артылар жүк ауырлап, «төртінші билік» өкілдерінен біліктілік пен шапшаңдық, шынайы отаншылдық талап етілуде.

«Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде біз жаһандық даму көшінен қалмай төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отырсақ, ол ең бірінші ақпарат айдынында жүрген журналистердің еңбегі. «AMANAT» партиясы мен облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының тығыз ынтымақтастықтығы арқасында газет беттерінде маңызды мақалалар, телеарналар мен әлеуметтік желіде өзекті тақырыптар көтеріліп, бұқараға жария болуда. Сіздердің кәсіпке деген адалдық, болып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізіп, маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге зор үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен еңбектеріңізге жеміс тілеймін!», – деді Қуат Байғоджаев.

Шара барысында аймақтағы ақпарат саласының бірқатар майталмандарына партия төрағасы Қуат Байғоджаевтың Алғыс хаты табысталды.

Другие новости

В городе Конаев ведётся строительство системы очистки сточных вод

В городе Конаев ведётся строительство системы очистки сточных вод

В Алматинской области продолжается реализация инфр...

  19.03.2026   134
Қонаев қаласында кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүргізілуде

Қонаев қаласында кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүргізілуде

Алматы облысы Қонаев қаласында кәріз тазарту жүйес...

  19.03.2026   115
Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 наурызда Қ...

  19.03.2026   85
В Казахстане впервые будет проведена административная амнистия

В Казахстане впервые будет проведена административная амнистия

Главой государства Касым-Жомартом Токаевым 17 март...

  19.03.2026   98
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.