Воскресенье, 24 Ноября 2024

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабына сәйкес, реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастырады.

Заңның 5 бабының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялар салаларына реттеліп көрсетілетін қызметтер жатады:

 - Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорт мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды жалғаушы магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері бойынша сақтау, тасымалдау, сондай-ақ жалғаушы газ құбырлары бойынша газды тасымалдау бойынша;

- Электр энергиясын беру бойынша;

-Топырақтың, жер асты суларының, су қоймаларының өзендерінің, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен электр станцияларының, кәріз-тазарту құрылыстарының жылуын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) жабдықтау бойынша;

- Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру;

- Бәсекелестік кірме жол болмаған кезде кірме жолдар;

Табиғи монополиялар субъектісі табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге міндетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі - қағидалар) 5-тармағына сәйкес Субъект көрсетілетін қызметті берушіге ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментіне "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінеді www.egov.kz (әрі қарай – портал) табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу үшін тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей өтінішпен қоса беріледі.

Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне реттеліп көрсетілетін қызметтердің 127 түрін көрсететін 102 субъект енгізілген, оның ішінде:

- Газ тасымалдау бойынша 11 субъект;

- Жылумен жабдықтау қызметі бойынша 13 субъект;

- Сумен жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша 69 субъект;

- 1 электр энергиясын беру субъектісі;

- Кірме жол қызметтері бойынша 8 субъект;

Заңның 26-бабының 2-тармағы, 3-тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар субъектісі осы Заңға сәйкес бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға міндетті.

Бұл ретте, белгіленген тарифсіз реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін адамдар анықталған жағдайда, табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 3-бөлігі негізінде Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) сомасының жүз пайызы мөлшерінде айыппұл сала отырып, оларды әкімшілік жауаптылыққа тартуға міндетті.

Другие новости

В Астане чествовали чемпионов Кубка мира по рукопашному бою

В Астане чествовали чемпионов Кубка мира по рукопашному бою

В столичном Дворце единоборств имени Жаксылыка Ушк...

  23.11.2024   128
Сложный путь к признанию

Сложный путь к признанию

Женисгуль Даулетова, жительница села Мухаметжан Ту...

  22.11.2024   193
Человек большой души

Человек большой души

Этот рассказ - о человеке большой души с твердой ж...

  22.11.2024   193
Как НПО строят лучшее завтра

Как НПО строят лучшее завтра

Проект по созданию справедливого общества, инициир...

  22.11.2024   218
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.