Среда, 07 Октября 2026

Қонаев тұрғындары туристік нысандарды тазалады

Қонаев тұрғындары туристік нысандарды тазалады

Бүгін Қонаев қаласының тұрғындары тарихи ескерткіштерді сақтап, қорғау мақсатында эконауқан өткізді. Шара Республика күніне орай ұйымдастырылған.

Науқанға қатысқан тұрғындардың айтуынша, табиғат аясындағы туристік нысандар - ертеңгі ұрпаққа мұра. Сол себепті оларды сақтап, қорғау - баршаға ортақ міндет.

"Тастарға жазу жазып, бүлдіріп жатқандар баршылық. Оларды өткеннің естеліктерін өшірмеуге шақырамыз. Бүгін тұрғындар жиналып, қала маңындағы туристік нысандарды тазарттық. Оның ішінде, Іле өзені бойындағы Тамғалы тас кешені де бар. Шараның Республика күніне орай өткені де тегін емес деп ойлаймыз. Аталған мереке туған жердің табиғатын қастерлеп, тәуелсіздігін құрмет тұтуға шақырады ғой", - деді Думан есімді тұрғын.

Науқан нәтижесінде 60 тонна қоқыс шығарылды.

Другие новости

Где заканчиваются возможности алгоритма

Где заканчиваются возможности алгоритма

Об искусственном интеллекте сегодня говорят практи...

  07.10.2026   77
Осторожность в сети становится привычкой

Осторожность в сети становится привычкой

Чем больше повседневных дел человек выполняет онла...

  07.10.2026   73
Цифровые инструменты меняют предпринимательство

Цифровые инструменты меняют предпринимательство

Для современного предпринимателя цифровизация стан...

  07.10.2026   84
Город, который умеет собирать данные

Город, который умеет собирать данные

Современный город — это уже не только здания, доро...

  07.10.2026   80
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.