Суббота, 27 Июля 2024

Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өткізілді

Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өткізілді

Ағымдағы жылдың сәуір айының 27-ші жұлдызында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында облыс көлемінде «Жасыл аймақ» эко-акциясы өтті. Акцияға қатысқандар арасында этно-мәдени бірлестіктерінің, ақсақалдар кеңесінің, мүшелері, білім беру ұйымдары, аурухана қызметкерлері болды.
Жоғарыда аталған акцияға Алматы облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қ.Байеділов және Департаменттің барлық қызметкерлері тікелей атсалысып, ұйымдастыру жұмыстарына қатысты. Жалпы қала бойынша 8000- ға жуық қала тұрғындары қатысып, 1500 жасыл желек отырғызылды.
Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша экология департаментінің жауапты мамандары Қонаев қаласының әкімдігі мамандарымен бірлесіп, белгіленбеген орындардағы 130 тонна тұрмыстық қатты қалдықтарды арнайы полигондарға шығарылды. Аталған жұмысқа 16 ауыр техника жұмылдырылды. 
Бұл баспасөз туры өткізілетін санитарлық тазарту негізінде орындалады, сондай-ақ аталған іс-шара облыстық ауқымда орындалатынын хабарлағымыз келеді! 
Сондай-ақ мердігер компания өкілдері «Таза Қазақстан» акциясы аясында әлеуметтік жауапкершілік танытып, Әуезов пен Вивальди көшесінің қиылысына 2000 шаршы метр кұм-тас төседі.
Облыс аумағында кең ауқымда өткен сенбілікке барлығы 30 000- ға жуық халық қатысты.

Мирас Тыныштык Алматы облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметі.

Другие новости

Ловись, рыбка,  большая и маленькая

Ловись, рыбка, большая и маленькая

В Казахстане набирает обороты развитие аквакультур...

  26.07.2024   83
Боец «зеленого» фронта

Боец «зеленого» фронта

В последние годы широкое распространение получило...

  26.07.2024   74
За благополучие окружающего мира

За благополучие окружающего мира

В городе Қонаев прошла крупная экологическая акция...

  26.07.2024   75
Стало чище на берегу Шамалган

Стало чище на берегу Шамалган

В рамках общенациональной экологической акции «Таз...

  26.07.2024   79
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.