Пятница, 16 Октября 2026

Алматы облысының экологиялық жағдайын жақсартудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы

Алматы облысының экологиялық жағдайын жақсартудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы

2024 жылдың 10 қазанында Қонаев қаласында Алматы облысы бойынша Экология департаментінің ұйымдастыруымен есептік кездесу өтті. Кездесу барысында экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасының орындалуы талқыланды. Іс-шараны бас мемлекеттік экологиялық инспектор, департамент басшысының орынбасары Бахытжан Маметжанович Молдахметов жүргізді.
Күн тәртібінде бес негізгі мәселе қаралды:
1. Көмірді пайдаланатын жылу энергия өндіретін кәсіпорындардың шығарындыларын азайту, газға көшіру;
2. Көмірді пайдаланатын жеке тұрғын үйлердің шығарындыларын азайту, газға көшіру;
3. Көгалдандыру;
4. Су ресурстарын реттеу;
5. Қалдықтарды басқару.
Бұл шараға Алматы облысының әкімдігі, түрлі басқармалар мен аудандардың әкімдіктері, сондай-ақ табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың өкілдері қатысты. 
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар экологияны жақсарту бойынша қабылданған шараларды одан әрі дамытып, нақты нәтижелерге қол жеткізуге күш салатынын растады.

Мирас Тыныштык ,  Алматы облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметі

Другие новости

Аким Илийского района посетил предприятие по производству металлических труб в Боралдае

Аким Илийского района посетил предприятие по производству металлических труб в Боралдае

Аким Илийского района Кайыржан Жаксымбетов посетил...

  16.10.2026   79
ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ САЛЫНУДА

ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ САЛЫНУДА

Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов Қараой ау...

  16.10.2026   70
61 саяжай-коопертиві ауыл шекарасына енгізілді: Ащыбұлақ тұрғындары әкіммен кездесуде қандай мәселелер көтерді?

61 саяжай-коопертиві ауыл шекарасына енгізілді: Ащыбұлақ тұрғындары әкіммен кездесуде қандай мәселелер көтерді?

Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетовтің тұрғын...

  16.10.2026   72
Жаңа аллея мен газ мәселесі: Байсеркеде тұрғындар әкіммен кездесті

Жаңа аллея мен газ мәселесі: Байсеркеде тұрғындар әкіммен кездесті

Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетовтің тұрғын...

  16.10.2026   73
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.