Понедельник, 15 Июня 2026

«PARYZ» еріктілеріАлматы облысының үздік волонтерлері атанды

«PARYZ» еріктілеріАлматы облысының үздік волонтерлері атанды

Еріктілер қоғамға қосқан үлесі үшін үздік деп танылды.

Алматы облысы әкімінің «Заңғар – 2024» жастар сыйлығының «Үздік жас волонтер» номинациясын биыл «PARYZ» еріктілері» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айтқазы Әділет Нұрболатұлы жеңіп алды. Бұл марапат оның еріктілік саласындағы белсенді жұмысын мойындау ғана емес, қоғамды жақсартуға бағытталған нақты бастамаларының жоғары бағасы болды.

Әділет Айтқазының айтуынша, 2024 жыл «PARYZ» еріктілері үшін үлкен жетістіктер мен маңызды шараларға толы болды.

«Биыл біз есірткіге қарсы күресті күшейтіп, Алматы облысының бірнеше ауданында заңсыз жарнамаларды жою бойынша ауқымды жұмыс жүргіздік. Бұл шара аясында 300-ден астам жарнама өшіріліп, 10 мың шаршы метр аумақ тазаланды. Жастар арасында ақпарат тарату мақсатында 1500 парақша таратылып, 50-ден астам ерікті жұмылдырылды. Біз бұл арқылы тек аумақтарды тазартумен шектелмей, жастардың есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыруды мақсат еттік», – дейді ол.

Сонымен қатар, еріктілер су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек көрсетуге де белсене атсалысқан.

«Алматы облысында табиғи апат болмағанымен, біз зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуге міндеттіміз деп санадық. Осы мақсатта 6 тонна гуманитарлық жүк жинап, 1 мың жұп резеңке аяқ киімді жөнелттік. Бұл шарада волонтерлердің ұйымшылдығы ерекше байқалды», – деді Әділет Айтқазы.

Экологиялық бастамалар да «PARYZ» еріктілерінің назарынан тыс қалмаған.

«Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында біз Қапшағай су қоймасын тазарту жұмыстарын ұйымдастырдық. Бұл шара барысында 5 тонна қоқыс жиналып, 10 шақырым аумақты қалпына келтірдік. Еріктілер тек тазалықпен шектелмей, қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыруға күш салды», – деп атап өтті ол.

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатымен бірлесіп, қарттарға көмек көрсету де негізгі бағыттардың бірі болды.

«Жыл бойы біз көмекке мұқтаж 20-ға жуық қарияның үйіне барып, тұрмыстық жағдайын жақсартуға көмектестік. Сонымен қатар, 10 жалғызбасты қарттың күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, олардың өміріне аз да болса жылулық әкелуге тырыстық. Бұл марапат тек менің ғана емес, бүкіл «PARYZ» еріктілерінің еңбегінің нәтижесі. Біз жастардың белсенділігін арттыру және қоғамды жақсарту жолында жұмыс істей береміз», – деді бірлестік төрағасы Әділет Айтқазы.

Айта кету керек, Алматы облысының әкімдігі бұл сыйлық арқылы аймақтағы ең белсенді жастарды ынталандырып, олардың үлгісін қоғамға насихаттауды көздейді.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Другие новости

Цифровизация легкой промышленности и поддержка товаропроизводителей

Цифровизация легкой промышленности и поддержка товаропроизводителей

Фото из архива редакцииВ Казахстане продолжается ц...

  14.06.2026   133
Развитие производственного потенциала отрасли и запуск новых предприятий

Развитие производственного потенциала отрасли и запуск новых предприятий

Фото из архива редакцииВ Казахстане осуществляется...

  14.06.2026   132
Легкая промышленность – как пример государственного планирования и вовлеченности бизнеса

Легкая промышленность – как пример государственного планирования и вовлеченности бизнеса

Фото из архива редакцииЛегкая промышленность, кото...

  14.06.2026   130
Легкая промышленность – пять лет устойчивого развития

Легкая промышленность – пять лет устойчивого развития

Фото из архива редакцииВ рамках поручения Главы го...

  14.06.2026   126
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.