Пятница, 16 Октября 2026

Қысты шығарып салу

Қысты шығарып салу

Масленица – қысты ойын-сауықпен және әнмен шығарып салу дәстүрі.  Тіпті құймақ -  бұл мерекенің басты атрибуты - ерекше маңызға ие. Ол күн бейнесін суреттейді және дөңгелек, қызғылт түстес болып келеді. Күн мен түннің теңеріп, жарық мезгілдің ұзара түскенін белгілейді.

М. Ломоносов атындағы мектеп оқушыларының  қатысуымен 2025 жылдың 1 наурызында біздің өлкеде де «Масленица» - «Қыспен қоштасу» іс-шарасы өткізілді.

Тұрғындар көп жиналды. Үлкен-кішіге дейін. Түрген селосының Қонаев атындағы орта мектебінің аумағында олар керемет шараға куә болды.  Қысты дәстүрге сай шығарып салу үшін ұйымдастырушылар көп күш жұмсаған сыңайлы. Халық белсене қатысқан шара, әсіресе балалардың көңілдерінен шықты. Спорттық іс-шаралар мен түрлі сайыстар мерекелік атмосфераны қыздыра түсті. Мектеп ансамбльдері мен талантты оқушылар өз өнерін ғана көрсетіп қоймай, халық арасында  хош иісті құймақты да кеңінен таратып жатты. Ыстық шаймен жылынып, басқа тағамдардан ауыз тигендер де болды. 

Бұл мерекенің ең керемет және жарқын сәті -  қолдан жасалған «Масленица» тұлыпын жағу болып табылады. Ломоносов атындағы орта мектептің оқушылары дайындаған «Масленица» мүсіні көпшілікке ұнады. Орыс халқының дәстүрі бойынша, «тұлып жағу» рәсімі - өтіп бара жатқан қыстың символы іспеттес, лапылдап жанып кетуі керек. Жалынмен бірге барлық реніштер, қайғылар, қиыншылықтар жойылады деген мағына береді...

«Қыспен қоштасу» іс-шарасы биік деңгейде өтті! Қош бол, қыс! Нұрлы көктем, даламызға қош келдің!  

Жанаргуль Ниеталиева, 

Іле-Алатау МҰТП Түрген филиалының эколог-ағартушысы.

Другие новости

Команда OGMA Racing успешно выступила на соревновании Aramco STEM Racing™ World Finals 2026

Команда OGMA Racing успешно выступила на соревновании Aramco STEM Racing™ World Finals 2026

Команда OGMA Racing, объединившая учащихся Назарба...

  15.10.2026   129
OGMA Racing командасы Сингапурда өткен Aramco STEM Racing™ World Finals 2026 жарысында нәтиже көрсетті

OGMA Racing командасы Сингапурда өткен Aramco STEM Racing™ World Finals 2026 жарысында нәтиже көрсетті

 Алматы қаласының Медеу және Наурызбай ауданд...

  15.10.2026   133
Сила материнства и мастерство рук: история успеха Мадины Кокымбаевой

Сила материнства и мастерство рук: история успеха Мадины Кокымбаевой

Жительница микрорайона Даулет города Алатау Мадина...

  15.10.2026   155
«Jol Tap» жобасы аясында Бірлік ауылында танымдық экскурсия ұйымдастырылды

«Jol Tap» жобасы аясында Бірлік ауылында танымдық экскурсия ұйымдастырылды

2026 жылғы 14 қазанда Алматы облысы, Балқаш ауданы...

  15.10.2026   157
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.