Вторник, 16 Декабря 2025

Алматы облысында «Qonaev media» өңірлік телеарнасы ашылады

Алматы облысында «Qonaev media» өңірлік телеарнасы ашылады

Бұл туралы баспасөз-мәслихатында су жаңа теларнаның басшылары мәлімдеді.

Алматы облысымен қатар, республика көлемінде тікелей хабар тарататын арнаға танымал тележүргізушілер жетекшілік етпек. Жаңа арнаның жаңа басшысы Қымбат Хангельдина болса, бас продюсер қызметін Қымбат Досжан атқарады.

Жаңалыққа негізделген телерадиокешені қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 12 сағат  хабар таратады.

«Мамыр айында ақырындап іске қосылып бастаймыз. Жалпы штат саны-80. Негізгі құрам анықталғанымен, әлі де телеарнаның «ыстығына күйіп, суығына тоңуға» дайын әріптестерді сүзгіден өткізіп, жұмысқа қабылдаймыз. Жұмыс жоспары әзірлену үстінде»,-деді «Qonaev media» телерадиокомпаниясы ЖШС директоры Қымбат Хангельдина.

Алматы облыстық телеарнасы деп саналғандықтан, қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады. Алайда, арна көрерменнің жүрегіне жол тауып жатса, іскерлік жобалар да қолға алынып, кіріс әкелетін арнаға айналу көзделген.

Телеарнада жаңалықтан бөлек, түрлі бағыттағы бағдарламалар эфирден көрсетілмек.

«Ақпараттық хабарлар күнделікті үш мезгіл эфирден беріледі. Апта сайын ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар да жарық көреді. Өңірдің әлеуеті зор. Сондықтан, мәдениет, спорт, туризм бағыттарын қамтитын циклді жобалар болады»,-деді «Qonaev media» арнасының бас продюсері  Қымбат Досжан.  


Жаңа арна ашылғанымен, телеарна қызметкерлері үшін қолайлы кеңсе табу өзекті мәселе болып тұр. «Qonaev media» телеарнасының ғимараты уақытша Алматы қаласында орналасады. Облыс орталығы Қонаев қаласнан арнайы медиа-орталық ашылған кезде, арна толықтай  облыстың бас шаһарына қоныс аударады.

Айта кетейік, болашақта арна жанынан жергілікті радио әуе толқынында хабар тарататын болады.

Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Другие новости

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

2025 жылдың қорытындыларын талдау мақсатында Қазақ...

  15.12.2025   95
Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился

Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился

Для подведения итогов 2025 года было проведен обще...

  15.12.2025   97
Қауіпсіз Жаңа жыл: мереке қуанышқа толы болуы тиіс

Қауіпсіз Жаңа жыл: мереке қуанышқа толы болуы тиіс

Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ескерте...

  14.12.2025   155
Пиротехника: мерекелік көңіл-күй – қауіпсіздіктен басталады

Пиротехника: мерекелік көңіл-күй – қауіпсіздіктен басталады

Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ескерте...

  14.12.2025   153
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.