Вторник, 01 Сентября 2026

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2025 жылғы 18 маусым күні, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, аудандық партия филиалының мәжіліс залында Іле аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы отырысы өтті. 

Жиынға аудан әкімі Қ.С.Жаксымбетов қатысып, Іле ауданында «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасының орындалуы жайлы есеп берді. Қайыржан Серікбайұлы өз сөзінде «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша 2023-2027 жылдарға арналған жол картасында бекітілген 106 тармақтың ішінде Іле ауданында 2023-2027 жылдары 58 тармаққа сәйкес жұмыстар жоспарланғаны, 2025 жылы 49 тармақ бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқаны жайлы және сонымен қатар, орындалмай қалу қаупі бар нысандардың проблемасын шешу мәселесі де талқыланып, жұмыстар сараланды. Күн тәртібіне орай, ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына сайлау науқаны кезінде жиналған сайлаушылардың ұсыныстарының орындау бойынша аудандық мәслихаттағы партияның депутаттық фракциясы мүшелерінің атқарған жұмысы туралы аудандық мәслихат депутаты Б.Базарбаева есеп беріп, сайлаушылардан түскен ұсыныстардың орындалуы барысына тоқталды. Ауыл мектептерінің интернетпен қамтамасыз етілу жағдайы туралы Іле аудандық Желілік Телекоммуникация орталығының бастығы Б.Мырзаев есеп беріп, атқарылған жұмыстар сараланды. Ол өз сөзінде Іле ауданы бойынша жалпы мектептер саны – 55, барлығы дерлік түгелдей телефон нүктелері және интернет желісімен қамтылғаны, атап айтқанда, Кең жолақты мыс желісіндегі интернетке қосылғаны – 20 мектеп, ал жоғарғы жылдамдықы оптикалық желілерге қосылған мектептер саны – 35. Қазіргі таңда, яғни осы ағымдағы жылы Қазақтелеком АҚ тарапынан қосымша FTTH техологиясына, яғни жоғарғы жылдамдықы оптикалық желілерге 5 мектептің қосылуы жоспарланып отырғанын айтты.Талқылау барысында сонымен қатар, интернет жылдамдығы нормаға сәйкес келмейтіні, жөнделген жағдайда жылдам істен шығатыны жайлы айтылды. Бұл салада бәсекелестікті күшейте отырып, интернет жылдамдығының сапасын күшейту мәселесін қайта қарау жайлы пікір білдірілді. Жиын барысында қаралған мәселелер бойынша шешім қабылданып, орындалуы бақылауға алынды.

Другие новости

Спасенные жизни и добрые дела

Спасенные жизни и добрые дела

Огромное количество людей, пропавших без вести, уд...

  31.08.2026   109
Строительство двух ГЭС

Строительство двух ГЭС

Аким Алматинской области Марат Султангазиев посети...

  31.08.2026   109
К зиме готовятся ремонтом

К зиме готовятся ремонтом

К началу нового отопительного сезона котельные пре...

  31.08.2026   110
Семипалатинский испытательный полигон: новая эпоха исследований

Семипалатинский испытательный полигон: новая эпоха исследований

В 2026 году исполняется 35 лет со дня закрытия Сем...

  31.08.2026   133
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.