Вторник, 03 Марта 2026

АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Іле ауданының әкімі  Қайыржан  Серікбайұлы Жақсымбетов халықпен тығыз байланыс орнату, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, мәселелерін шешуге ықпал ету мақсатында «AMANAT» партиясының Іле аудандық филиалы ғимаратында жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауда аудан тұрғындары бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық, жеке мәселелерін көтерді.
Атап айтқанда: Байсерке ауылындағы №12 мектеп маңын жаңа ауызсумен қамту, тұрғын үй мәселесі,  Өтеген батыр ауылдық округіне қарасты «Тростинка», «Энергетический», «Урожай» саяжай кооперативтеріне ауыл мәртебесін беру.  І. Жансүгіров көшесіне жаңа бағдаршам орнату. «Қарасу» ықшам ауданындағы жолдарға асфальт жабындысын салу, саяжай кооперативтерінде трансформатор орнату және жол жөндеу.  А. Тоқпанов ауылдық округіндегі «Нұрлы жер» саяжай кооперативіне ауыл мәртебесін беру, денсаулығына байланысты азаматтарға реабилитациялық көмек көрсету. Өтеген батыр ауылындағы кейбір аумақтарға интернет тарту. Боралдай кентіндегі өзекті 4 учаскенің мәселесі және басқа да жеке өтініштері қаралды.
Аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің шешу жолдарын нақты түсіндірді. Сонымен қатар тиісті бөлім басшыларына және ауыл округі әкімдеріне заң аясында әрбір мәселені жеке бақылауға алып, уақытылы шешуді тапсырып, көтерілген барлық мәселелер тікелей өзінің бақылауында болатынын жеткізді.

Другие новости

Акция добра и милосердия

Акция добра и милосердия

Священный месяц Рамазан в Талгаре вновь напомнил о...

  01.03.2026   194
Қонаев қаласында облыстық жастар ресурстық орталығы және еңбек мобильдігі орталығының ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті

Қонаев қаласында облыстық жастар ресурстық орталығы және еңбек мобильдігі орталығының ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті

Қонаев қаласында облыстық жастар ресурстық орталығ...

  26.02.2026   306
Бизнес на крыльях мечты

Бизнес на крыльях мечты

В индустриальной зоне «Қайрат» в Алматинской облас...

  26.02.2026   280
Пересчитали  в пользу жителей

Пересчитали в пользу жителей

Более 243 млн тенге вернули жителям Алматинской об...

  25.02.2026   224
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.