Понедельник, 20 Апреля 2026

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

«AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының  депутаттық фракциясының отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары  М.Н. Құрманғалиев  қатысып, Іле ауданында «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасының  орындалуы жайлы  есеп берді. Басқосуға мәслихат депутаттары және БПҰ – ның төрағаларымен  бірқатар басқарма өкілдері қатысты. 

Мұхамедғәріп Ниязұлы өз сөзінде «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша  2023-2027 жылдарға арналған жол картасында бекітілген 106 тармақтың ішінде Іле ауданында 2023-2027 жылдары 58 тармаққа сәйкес жұмыстар жоспарланғаны, 2025 жылы 49 тармақ бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқаны жайлы және сонымен қатар, орындалмай қалу қаупі бар нысандардың проблемасын шешу мәселесі де талқыланып, жұмыстар сараланды.

Күн тәртібінде келесі мәселе  Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша аудандық партия филиалының төрағасы Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы сөз сөйлеп, еліміздің қазіргі таңдағы өзекті мәселелері –цифрландыру, бір палаталы Парламент құру, заманауи үлгідегі Алатау қаласын салу жұмыстарының перспективалары т.б. мәселелер бойынша мақсаттар айқындалып, жұмыстар жоспарланғаны жайлы айтты.

«AMANAT» партиясының аудандық филиалы және фракция мүшелері осы жұмыстарға белсенді атсалысады деп сенемін. Әрбір депутат өз бастауыш партия ұйымымен кездесіп, Жолдаудың негізгі тұстарын түсіндіруі керек. Сондай-ақ БАҚ пен әлеуметтік желілерде белсенді болып, тұрғындарға нақты ақпарат жеткізу маңызды», – деді ол.

Другие новости

В городе Қонаев назначен руководитель отдела ЖКХ и жилищной инспекции

В городе Қонаев назначен руководитель отдела ЖКХ и жилищной инспекции

Распоряжением акима города Қонаев Зәкеров Мадияр С...

  20.04.2026   88
Где земля кормит и учит терпению

Где земля кормит и учит терпению

Пресс-тур представителей областных и республиканск...

  20.04.2026   102
Когда надежда обходится дорого

Когда надежда обходится дорого

В Департамент торговли и защиты прав потребителей...

  20.04.2026   190
Искусство возвращать прошлое

Искусство возвращать прошлое

В научном центре «Ғылым ордасы» в рамках республик...

  18.04.2026   300
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.